Ағылшынға алғашқы қадам (байқау)

Ағылшынға алғашқы қадам (байқау)
жеке
блог

Әлемдегі ең көп қолданыста болатын тілдердің бірі - ағылшын тілі. Ақпарат көздерінің де, техника тілінің де таралуы осы тікелей ағылшын тілінде жүреді. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" дейді ғой дана халқымыз. Бірнеше тілді меңгеріп, сол тілде еркін сөйлеу менің арманым. Бірақ, ешқашан да өз тілімді шалақазақ етіп, шұбарламақ емеспін.

Тілдерді меңгерудегі ең бірінші қадамым ағылшын тілінен бастау алмақ. Осы жаздағы ең бірінші орындауға тиіс мақсатымның бірі де ағылшын тілінен курс оқып, білімімді жетілдіру. Ағылшын тілінен "Elementary" деңгейін меңгеріп, "Upper Intermediate" - ке дейін жету. 

Естеріңізде болса, өткен аптадағы блогымда мақсаттарым туралы жазған болатынмын және сол мақсаттарыма қалай жетуім керек екенін де.

Бірінші мақсатыма таңғы 08:30-дан 10:00-ге дейін курсқа барып, күнделікті сабақтан қалмау болатын. Ендеше, менімен бірге курсқа барғыңыз келе ме? Онда, кеттік!

Мендегі қобалжу мен қателіктерді кешірерсіздер деп ойлаймын. Видеоға түсіріп, бірінші рет жариялауым."Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласың" демекші, алдағы кезеңдерде бұдан да жақсырақ нәтиже көрсететін боламын. Бұдан да қызықты етіп бейнелеуге тырысамын!

Томирис тобы алға!