Ағылшын тілінің журналистикадағы маңызы

Ағылшын тілінің журналистикадағы маңызы
жеке
блог

    Бүгінде жаңа саясат босағасында ағылшын тілінің елбасымыз айтқандай маңызы артып жатыр. Шет елмен саяси және мәдени қарым-қатынас жасау үшін тілді үйрену жолында қойылатын талап та берік. Әрбір саланы өзінше оқып қана қоймай, оны ағылшын тілінде де меңгерсек, ел игілігі үшін ұлы жетістік емес пе?! Сонымен, менің қозғамақ тақырыбым - журналистика саласындағы ағылшын тілінің маңызы. Біз журналистика теориясында оның әмбебап қызмет  екенін өттік. Батыс зерттеушілері, Ресей даналары, өзіміздің төл жазушы-ғалымдар, барлығы да осы сан салалы журналистің еңбегі хақында көп  дүниелер жазып қалдырды.  Иә, мерзімді түрде ақпарат жеткізушінің өзі оператор, өзі монтаж жасаушы, өзі редактор болуы – оның уақыт үнемдеудегі басты қағидасы. Сондай-ақ, шет елдерге жұмыс бабымен шыққанда аудармашыны қажетінсінбеу де  – әмбебап журналистің кезекті міндеті. Осы талаппен біздің факультетте кестеге енген «Кәсіби коммуникацияға арналған шет тілі» пәнінің дәрежесі өз биігін сақтауда. Дәріс беріп, тілді кәсіби тұрғыдан үйретуші мамандар Филология факультетінің «Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы» кафедрасының білікті ұстаздары. Ең басты қуанышымыз - университетіміздегі «Қазақ университеті» газетінің әрбір санында жарияланған мақала мен жаңалықты ағылшын тіліне аударуымыз. Осы орайда «ұстаздық етуінен жалықпаған» жоғарыда айтқан кафедраның меңгерушісі, аға оқытушы Сапарходжаева Нұргүл. Сабақ кестесінен осы есімді көргеннен, әдетіміз бойынша, оның қаталдығы, баға берудегі тәсілдері туралы сұрастыруға кірістік. Алған жауабымыздан сабақ басталмай жатып, тартына бастағанымыз тағы бар. Дегенмен, «шешесін көріп, қызын ал» дегендей, біз де пәніне, оның шеберлігіне қарап жоғары бағалай бастадық. Себебі, журналистика саласындағы ағылшын тілінің маңызының керемет екенін тек ауызбен айтып емес, практикалық жағынан да сезіне бастадық. Орыс тілінен аударуға жеңіл келетін ағылшын тілін қазақ тілімізге одан да жақын екеніне көз жеткіздік. Семестр соңында ағылшын тілінен ғылыми жұмыс қорғауға мүмкіндік те алдық. Осы қарқынмен шыңға өрмелей берсек, тіпті, қазақша-орысша шығатын «Қазақ университеті» газетінің ағылшын тілінде де жариялануы әбден мүмкін.