Ағылшын тілін үйрену жолдары

Ағылшын тілін үйрену жолдары
жеке
блог

Бүгінгі таңда ағылшын тілін үйреніп жүрген адам қарасы көп. Себебі ағылшын тілін білсеңіз кез келген жерде жұмыс істей аласыз немесе шет елге бара қалсаңыз қиналмайсыз. Ендеше назарларыңызға өз тәжірибемнен өткен кеңестерді жазатын боламын. Қалай өз бетіңізбен ағылшын тілін үйренуге болады. Ең алдымен сізде осы тілге деген қызығушылық пен талпыныс болу керек. Содан кейін балаларға арналған ертегі кітаптарын оқып, сөздікпен жұмыс істеуге болады. Себебі бұл кітаптардың тілі жеңіл, оқуға ыңғайлы. Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін тағы бір әдіс ағылшын тілінде кино көру. Егер сіз тілді енді үйреніп жатқан болсаңыз субтитрмен көруге кеңес беремін. Ал деңгейіңіз жоғары болса субтитрсіз көргеніңіз абзал. Тіл үйрену барысында адамдармен хабар алмасу немесе сөйлесу де үлкен көмегін көрсетеді. Сөйлесу кезінде сіз бір сөздің аудармасын білмесеңіз, ізденудің арқасында сіз аталған сөздің аудармасын табасыз және нәтижесінде білмеген сөзіңіз жадыңызда қалады. Мен өзіме пайдасы тиген кеңестерді сіздермен бөлістім және ең бастысы сіз өз бойыңыздағы жалқаулықты жеңу керексіз. Сәттілік тілеймін.