Агент керек болмас...(поэзия)

Агент керек болмас...(поэзия)
жеке
блог

Жан емессің жалған толы сөзге ерер

Саған да бір жарқырайтын кез келер

Статусың болып тұрған жап-жасыл

Бір күндері жүрек болып өзгерер.

 

Көрінбейтін адамдарға расында,

Тыйылады жүректегі жасың да

Өткізбестен уақытыңды агентте

Отырарсың сүйіктіңнің қасында.

 

Талақ қылып достардан хат тосқанды,

Жақтырмассың агентті қосқанды

Сол кездері «логин-пароль» тек қана

Керек болад тексеру үшін поштаңды.

 

Сол күн келер, жақын қалды, мойыма.

Сенімділік ұяласын бойыңа

Тізімдерін әлі-ақ тізіп жазасың

Шақыру үшін достарыңды тойыңа.

 

Куәләрі ақ некеңнің қиылған

«Жеңге» - дейді жас балалар жиылған

Сол шаққа Алла жеткізсінші тезірек

Бақытты сәт кешікпесін биылдан.

Берік СҰЛТАНОВ