Агент жастарды сауатсыз ететін болды
блог
Бұл әңгіме біреуге ермек үшін, біреуге жұмыс бабымен, біреулерге танысу үшін, ал біреулерге азарт болған агент жөнінде. Осыдан біраз жылдар бұрын агентсіз жақсы ақ өмір сүріп едік, ал қазір агентке немесе мой мирға 3-4 күн сайын кірмесең көңіл көншімейтін болып қалды.
Бірінші өзгелер емес өзім туралы айтып кетейін. Майл.ру-ға тіркелгеніме 5 жылдан асып барады екен. Осы уақытқа дейін 2 әлем ашыппын. Майл.ру-ға ең алғаш үйде интернет бар ғой, жұрттан қаламызба деп тіркелдім. Суреттерімді қостым, қайда тұратынымды, қайда оқитынымды, қай мектепте оқығанымды, қысқасы өзім туралы ақпараттан түк қалмады. Сол арқылы араласпай кеткен сыныптастарымды, бала кездегі достарымды, туған туыс, бұрынғы көрші, бәрін таптым. Сөйтіп жүріп достар қатарым көбейе түсті. Ойда жоқ нәрсе қыздармен таныса бастадым. Ең алғаш Сандуғаш деген қызбен таныстым.суреттерін көріп шықтым әп-әдемі қыз екен. Танысып, біраз араласып кездесуге ұсыныс жасадым. Ол келісімін берді. Ертесіне сабақтан кейін Ш. Қалдаяқов аллеясында (Ол кезде озерадағы аллея еді) кездестік. Менің ойымдағы қыз болып шықты. Екеуміз 1 айдай дос болып араласып, бір-бірімізді жақын таныдық. Сөйтіп жүріп достықтың арты махаббатқа айналды. Екеуміздің махаббатымыз 3-4 айдан кейін бір себептермен тоқтады. Ол себепті мағанда ашып айтпады. Ол қызды осы уақытқа дейін жақсы көріп келдім. Жақсы достар болып араластық. Тұрмыс құрғанын естігенде бірақ күдерімді үздім. Менің шынайы махаббат құруыма себепкер болған осы агент.
Осыдан 1 жыл бұрын агенттің нағыз азарты мен едім. . Күндіз-түні агенттен шықпайтын едім. Агентке отырғызылған гүл сияқты едім десемде болады . Сөйтіп жүріп агенттен жалыға бастадым. Тек мирда ғана суреттеріме жазылған коммент/тергежауап беріп жүрдім. Агент қосулы тұрады, бірақ ешкімге жазбаймын, жұмысымды істеп отыра беретін едім. Ал маған жазғандар болса ең жақын адамдарыма ғана жауап жазатынмын. Сөйтіп жүріп мені жақтырмайтындар көбейді .
Бірде маған бір ой келді. Атымды өзгертіп, суреттерімді өшіріп, өзімнің жасаған жұмыстарымды(жас жұбайлардын фото альбомы) қоямын деген. Суреттерді өшіру үшін Фото бөліміне кірдім. Кіріп өшіргім келмей қимай қимай зорға өшірдім . өйткені онда 154 сурет 1054 комментарий бар екен. Сөйттім де аты-жөнімді PHOTO graph деп өзгертіп жасаған жұмыстарымды жарнамаладым. Қазір агентті жұмыс бабымен (таныстарға, достарға файл жіберу, алу деген сияқты), іш пысқанда, істейтін ештеңе болмағанда ермекке агентке кіремін. Бұл агенттің зияны да пайдасы да бар.
Агентте отырып неше түрлі адамдарды көрдім. Оның ішінде сауатсыздар көп кездесті. І- әріпінің орнына ы- жазатын, ғой- дегенді го, всем – дегенді в семь(в7), нестеватсын, е орысша емес е қазақша емес гдесін, каксын деген сөздер бар, болды, дейді деген сөздерді болд, дит т.б сол сияқтылар. Қысқасы қалай айтылады солай жазады. Ал егер орыс тілін қалай айтылады солай жазсаң жұрт күледі. Ал қазақ тілінде олай жазсаң ештеңе етпейді екен. Осындай қателерді көріп ішім ашиды.