Агент аялдамасындағы соңғы кездесу

Агент аялдамасындағы соңғы кездесу
жеке
блог

Агент аялдамасындағы соңғы кездесу

  Бүгінгі күні әлеуметтік желілердің көптеген түрлері күннен-күнге  дамып жатыр. «Агент», «твиттер», «в контакте», «уатсап» тағысын тағылар.  Осы сан түрлі әлеуметтік желілер арқылы танысып, табысып өзінің бақытын тауып жатқандар қаншама десеңізші. Заманына қарай адамы демекші қазір жастардың көбісі өздерінің өмірлік серіктерін жоғарыда айтылған әлеуметтік желілер арқылы іздеп жатады. Осындай әлеуметтік желілердің ішіндегі алғашқыларының бірі агентпен байланысты болған басымнан өткен бір оқиғаны қағаз бетіне түсіргім келді.

Күнделікті жұмыс күні аяқталып, үйге келіп демалып отырған едім. Ұялы телефонымды қолыма алып әдетінше агент аялдамысана жиналған достарымнан кім бар екен деп тексеріп көрдім. Аялдамаға келгенім сол еді бір әдемі бейтаныс қыздан «Мені өз достарыңыздың қатарына қабылдайсыз ба?» деген ұсыныс келіп түсті. Анкетасын қарадым да бірден қабылдадым. Есімі де ерекше. Гүлсезім! Бұрын соңды мұндай әдемі есімді жиі естімеппін. Өзі де көрікті, әдемі қыз. Көзі мөлдіреп тұр. Ұялып отырды ма бірден жаза қоймады. Мен бірінші тіл қатып есімінің әдемі екенін айттым. Артынша таныса кеттік.  Гүлсезім Қостанай қаласының тумасы болып шықты. Облыстық аурухананың жедел-жәрдем бөлімінде фельдшер қызметін атқарады екен. Ақ халатты абзал жан. Маған бұдан бұрын да бейтаныс қыздардан достық ұсынысы жиі келетін. Ал, Гүлсезім өзінің тәрбиелі, иманды, қарапайым мінезімен маған бірден ұнады. Өте тәрбиелі, ақкөңіл жан екен. Біз агент аялдамасында күнде кездесіп жүрдік. Ол өзінің отбасы мен жұмысындағы қызықтарын жазып отыратын. Жұмысы жедел жәрдемде болғаннан кейін кейбір кездері «Алмат мен бір адамды өмірден құтқарып қалдым деп қуанса, кейбір кездері құтқара алмадым» - деп жылайтын. Біз бір-бірімізді сурет арқылы ғана көрдік. Бірақ бір-бірімізге қатты бауыр басып қалдық. Мен Гүлсезімді агент аялдамасында күнде күтіп отыратынмын. Ол өте қарапайым жан еді. Әжесінің тәрбиесін алған қыз екен. Ал әжесінің тәрбиесінін алған қыздың ақылды, тәрбиелі болатыны бірден байқалады. Мен Гүлсезімнің бойынан соны аңғардым. Тіпті қазақтың халық әндерін орындап, ұлттық музыкалық  аспабымыз жетігенде ойнайтынын айтты. «Алмат мен ауылда тұрғым келеді. Болашақ тойымның ауылда болғанын қалаймын»  деп айтатын еді. Бүгінгі күні осындай бойында қарапайымдылығы бар қыз баланы кездестіру қиын.  Ол Қостанайда мен Алматыда. Мен ол қызға Алматыға келсеңші деп жиі айтатын едім. Ол да Алматыға барғысы келетінін, жұмыс бабымен біліктілігін арттыру үшін жолдама берілсе міндетті түрде келетінін  жиі айтатын еді. «Мен Алматыға келсем, Медеуге, Көктөбеге т.б.  көрікті жерлерге апарасыңғой?» деп күлімдейтін еді.

Арада біраз уақыт өтті . Біз телефон арқылы да сөйлесіп жүрдік. Бірде мен Гүлсезімге Қызылорда қаласына группаласымның үйлену  тойына баратынымды айттым. Жолда абай болуымды айтып, аман-есен барып қайтарсың деді. Той өтіп ертесі кешкі рейспен Алматыға қайтатын күн еді. Түске таман Гүлсезім телефон соқты. Дауысы біртүрлі бәсең шығып тұрды. Мен Гүлсезімге тойдың жақсы өткенін, кешкі рейспен Алматыға шығатынымды айтып, қазір тамақтанып алайын,кейін қайта телефон соғамын болмаса агент аялдамасында жолығармыз деген едім. Ол жарайды мен күтемін деді. Жолға дайндалып болып, біраз уақыт өткенннен кейін агент аялдамасына келгенімде Гүлсезімнен «Мен сізді ренжіттімау шамасы» деген хат қалған екен. Өзі жоқ.  Мен бірден телефон соқтым. Телефон өшіп тұрды. Қайта-қайта телефон соқтым. Өшіп тұр. Мен бұл кезде поезда болатынмын. Агент аялдамасына да жиі келіп күтіп отырдым.  Жүрегім бір нәрсені сезетіндей өзімді біртүрлі сезініп тұрдым. Бір кезде Гүлсезім агент аялдамсына келді. Қатты қуанып, бірден жаза бастадым. Жауап жоқ. Гүлсезім өзінің сіңлісі бар екенін, есімі Жадыра, жақында босанады деп  айтқан еді. Агенттегі Жадыра екен. Алмат Гүлсезімнен айырылып қалдыққой деді. Төбемнен жай түскендей болды. Қалайша? Бүгін ғана сөйлестімғой. Ол қайда? деп сұрай бердім. Ол «Алмат менің аяғым ауыр. Қазір телефонда сөйлесе алмаймын. Жағдайым өте ауыр. Ауруханадамын» деді. Ол бәрін агент арқылы жазды. Жадыраның айтуынша Гүлсезімнің бір қолында Алматыға жолдамасы, бір қолында ұшаққа билеті болған. Қуанышы қойынына сыймай «Жадыра, мен Аламатыға баратын болдым, Алматымды да көретін болдым» деп қайта-қайта айтып қуанған. Соның арасынша көлігін тұраққа қойып келемін деп шығып кеткен. Гольф -4 маракалы көлігі бар еді. Гүлсезім мысықты жанындай жақсы көретін. Мен оған мысықтың қарғысы жаман болады деп айтатынмын. Ақыры түбіне жееттіау. Гүлсезім көлікпен кетіп бара жатқанда алдынан мысық жүгіріп шыққан. Сол сәтте ол мысықты қақпай қашамын деп жол бойындағы бағанаға барып соғылған. Жедел жәрдем арқылы облыстық аурухананың реанимация бөлміне түскен. Жадыраның айтуынша Гүлсезім ата-анасының, сіңлісінің алдында өлім мен арпаласып жатып менің есімімді қайталай берген. Ата анасына Жадыра ұл босанса есімін Алмат қойыңдар деп айтқан. Бұл Гүлсезімнің бұл дүниедегі соңғы демі еді. Сұм ажал Гүлсезімді мәңгілікке ата –анасынан, дос-жарандарынан, меннен алып кете барды.  Ия, бұл жалған дүниеде барлығы Алланның қалауымен боладығой. Алла тағала Гүлсезімді бұл дүниеден алып кетсе, ол шаңыраққа Жадыра Алланың қалауымен бір ұл және бір қызды дүниеге алып келген. Гүлсезімнің ақырғы аманатына қиянат жасалмай дүние есігін ашқан қос сәбидің есімдерінің бірі ұл баланы Алмат, қыз баланы Аяулым деп атаған  екен. Бауырлары берік болғай!

Гүлсезім! Гүлсезім! Сол бір агент аялдамасында жолыққан Гүлсезімімнің жаны жәнәтта болғай! Мен Гүлсезімді көрмесем де ол менің жүрегімде мәңгіге  ұмытылмастай қалды. Алла қалап, болашақта өз отбасымда қыз бала дүниеге келсе есімін Гүлсезім қоямын. Гүлсезім мен сені қатты сағындым!   

                                                                                                                             Нургалиев Алмат