Ағатайымнан естелік
блог
Жиырма жетінші ақпан күні менің туған күнім аталып өтті.Интернатта оқығандықтан, үйге екі күн бұрын баруыма тура келді. Мамам ауылдан өзі жалғыз таксимен келе жатқандығын айтқан болатын.Төрт жыл қалада оқып, туған күнімді нағашы әпкемнің үйінде атап өтетінмін.Соңғы төртінші жылды да осында өткіздім, 17 жасымды.Осы күні мамам өзі жалғыз емес, тосын сый жасап папам, бауырым үшеуі келіпті.Қолдарында менің суретім бейнеленген торт та бар.Шынымды айтсам қатты қуандым.Кешке дастарханда отырғанда папам туған күніме ноутбук алып беретінін айтты.Менің сабағыма,дайындығыма керек болатын.Риза болып қалдым....
Ертесі ноутбукты алып, интернатқа қайттым.Программасын жасатып,пайдаланып отырғаным осы.
Осы сәтте менің есіме көкемнің айтқандары түсті(мамамның туған інісі).Бұл жан қазіргі уақытта марқұм болып кеткен жан.Өмірден қайтқанына төрт жыл болып қалыпты.35 жасқа толған шағында қатерлі ісікке шалдығып қайтыс болды.Есімі – Ержан.Атына заты сай ер мінезді керемет адам болды.Құдайым сүйікті құлдарын ерте алып кетеді емес пе?Жаны жәннатта болсын жан ағатайымның.Көкем жанымыздан кете барғанда бәрі түс болғандай көрінді.Тезірек оянып,таңның тез атуын күттік.Бірақ өлім – өмірдің ащы шындығы екен.Арамыздан ғажап мінез иесін жібергіміз келмеді.Үнемі күліп жүретін, қуанышты да қайғыны да қатар бөлісетін жанды кім жақсы көрмейді?Әрқашан бізді ойлап, жан-жағына шуағын шашып жүретін.Балажандығын айсаңшы... Қызы мен ұлы үшін бәріне дайын тұратын.Бізді де олардан кем көрмейтін.Қыдыру, саяхатқа шығу деген нәрсені тіпті көкемсіз елестетіп те көрмептік.Бір сөзбен айтқанда бәрінің сүйіктісі.
Көкемнің ауырып жүретінін баяғыдан біліп жүретінмін.Бірақ,өледі деген нәрсе үш ұйықтасам да түсіме кірмепті...Маған көкемнің қатерлі ісікпен ауыратынын,өмір сүруіне үш ай ғана қалғанын сіңілім айтып берді.Әпкемнің сөзінен естіп қалыпты.Мен сол кездері тек жылай бердім.Үш ай дегенге сенгім келмеді,бірақ жылай бердім.Сол сәттердегі ауруы өзегін өртеп бара жатса да, тып-тыныш мәз болып күліп жүретін көкеме қайран қалдым.Осы уақыттары, мен республикалық мектеп-интернатқа тапсырып жүрген едім.Көкем заттарымды апарып, дәл мен сияқты қарбаласып жүрді.Интернатқа түскен кезімде өзі де мен секілді қуанған болатын.Бір сөздерінде ол маған «егер,сабақты түгел беске аяқтасаң саған ноутбук алып беремін» деді.Қатты қуанған едім,көкірегімде ыстық жас тығылып сол күндерге аман-есен жеткізуін тіледім.
Интернатта оқып жүрсем,көкемді көру ықтималдығым аз болатынын,оған демеу бола алмайтынымды біліп өзегімді өкініш кернеді.Үнемі жатар уақытта өзгелер сияқты мама-папаны сағынып емес,көкемді ойлап жылайтынмын.Қыздар да басу айтып,менің мұңыма ортақтасатын.Бөмеде бір қыздың әжесі қажылыққа барып,зәмзәм суын әкелген болатын.Ойымда «шіркін осы суды көкеме берсем екен» дейтінмін.Бірақ бере алмадым.Осылай сабақта жүрген кезімде мамамдар маған келіпті.Анау-мынау заттарымды сылтау қылып, көкемді соңғы рет көрсетпек екен.Көкемді көрген сәтте ауруы асқынып, жағдайы нашарлап қалыпты.Денесі де арықтап, іші ісіп кетіпті.Сөйлеген сөзінен діріл естіледі.Не айтарымды білмей қалдым,жай ғана «жазылып кетіңіз,келесі кездескенше»деп айтқан күйі ауызымнан сөз шықпады.Соңы рет көргеніме өзімді сендіре алмадым.Ал,біраз уақыттардан соң папаммен телефон арқылы сөйлестім.Жанында көкем бар екен.Сол сәтте, оның анық соңғы дауысын естідім.Маған «жақсы оқы»деп ары қарай жөнді сөйлеуге әлі келмеді.Соңғы дауыс,соңғы келбет.Сабақ уақыты кезінде,Мұрат ағам ауылға мені алып кетті.Жүрегім бір жамандықты сезсе де, түк болмағандай өзімді ұстап тұрдым.Ауылдың дәл жанына жете берген кезде, папам мені тосып алып,көкемнен көз жазып қалғанымызды айтты.Не істеп, не қойғанымды түсіне алмай қалдым.Көз алдымда алғашқы жақынымнан көз жазып қалғанымды көрдім.Үйдегі жақындарымның жылаған дауысы денемді тітіркендіріп жіберді.Рас па,өтірік пе көз алдымда жүрегін қайғы қасірет тербеген жақындарымының өксігі құлағымының түбінен ойнақтап, кетпей қойды.Оңды-солын тани қоймаған екі баласынының жағдай не болмақ?Әркімге бір қарап,жалтақтап өсе ме?Ендігі әке мейірімін кім сыйлайды?Олар өздерінің әкесін соңғы сапарға шығару күнінде жүргенін біледі ме?Бала жүрек келесі уақыттарын әкесіз өткізетінін сезе ме?Бұл сұрақтар көптің көкейін тескен сұрақтар еді.Артынан зар еңіреп біз қалдық.Бізді қойшы,көкемді басқа балалардан артық көретін,үнемі жолын тосып отыратын ана жүрегі зар еңіреп қалды.Ол кісінің де кейінгі жағдайы мені қатты алаңдатқан еді.Көкемді шығаратын күні бой берместен жүзін ең соңғы рет көруге бардым.Бірақ бұл жаны шығып кеткен,тек шымылдықтың ар жағындағы ақ матаға оралған түр еді.....Сол сәтте «шіркін оянып кетсе етті,маған қарап жымиып, оны жібермей қойсам ғой»деген қиялым санамды жаулап алды.Соңғы көрініс оны табыт ішіне салып,көлікке тиеп мәңгілік мекеніне алып кетті.......
Қазіргі сәтте тек оның елесі ғана жанымызда.Қабірінің басына барып, құран оқып жеті шелпек таратудан басқа қолдан келер шара жоқ.Артына өшпес із қалдырып кеткен ағатайымның жаны тек Жұмақ төрін мекендесе екен.Ол жәннат төріне лайықты.
Көкемнің орындалмай кеткен уәдесін әкем орындады.Осы ноутбукқа қараған сайын көкемнің сол сәтте айтқан шын ниеті,маған артқан сенімі көз алдыма елестейді.Мен де көкем артқан үмітті ақтап, сабағымды тек беске оқып,алдағы ҰБТға дайындалу үстіндемін.
Көкетай,бұны сіздің берген сыйлығыңыз деп түсінемін.Сеніміңіз бен жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймын.Тағы да, жаныңыз жұмақ төрінен орын алсын.......