Жаздыгүні сазды топыраққа жауған жаңбыр иісінен рахат күй кешіп тұрғанда , шақырая жарқыраған күн сәулесіндей өмірдің қиын тұстарында жарқын сәттің барын еске салатын бірде-бір жан жоқ. «Жүзі жылы» деп түңілмейтін адамдардың ішкі дүниесі де жылы болмағаны өкінішті. Бәрінен күдеріңді үзіп, тек бір Аллаға иек артып қана отырған жандарды көргенде, менің д е адам болғым кеп кететін. Мейлі кедей, мейлі бай , ұсқынсыз , не келбетті болсам да сол жандарға бар ізгі ниетіммен көмектесер едім. Менің көз алдымнан осы 30 жыл ішінде қандай жазылмай қалған романдар, мінсіз актёрлік шеберлікпен ойналған трагедиялық спектакльдер қойылмады десеңші... Бәрінің жалғыз көрермені - менмін. Осы бір әсем қаланы тұрғындары өздеріне ұқсатып жіберді. Өздері секілді түнертті де,өздері секілді қулық-сұмдық пен жаман ойларға толтырып та жіберген бұл шаһар бүгінде - тасқала. Бір жылылық күтпек түгілі елестете де алмайсың.
Осы күнгі 7-үйдің 13 –пәтеріндегі тек дүкенге барғанда ғана сыртқа шығып, балкондағы ең ерекше көк түсті орхидеясын суғарғанда ғана көрінетін, басқа уақытта үйінде жалғыз отыратын сүйкімді әйел Ларисаның жұбайымен алғаш танысқан 30 жыл бұрынғы кешті еске алдым.
Дүкеннен шығып , асыға адымдай берген бұйра шашты сымбатты жігіт қалтасына сала салған әмиянының көздеген орнынан бөлек түскенін аңдамаған еді. Бағаналы осы көшедегі жалғыз субұрқақта құрбыларымен су шашып ойнап , есіне анасының дүкенге жұмсағандығы түсіп кетіп, достарымен қоштаса сөйлеп бара жатқан көк көзді, гүлді көйлектегі бұйра шашты ару жерге түскен әмиянды байқап ,сымбатты жігіттің артынан «Кешіріңіз. Әй,кешіріңііз» деп ұзамай әмиянды жерден ала сала азаматтың ізінен жүріп, «Көк көйлектегі мырза . Бұйра шаштыы.Бұрылыңызшы» деп жарқын-жарқын дауыспен шақырғанда көк көйлекте болмаса да, шашы бұйра еместігіне қарамай тегіс Ларисаға назар салған. «Маған айтасыз ба?» деп алаңдай қараған Сергейге әмиянын көрсеткен жайдары қыз мән-жайды түсіндірген сонау алғашқы кездесулердегі адамдардың адалдығы мен аңғалдығы, ар алдындағы жаууапкершілігі қандай еді?! Олардың тойлары өткен шақтардағы сыйластық, қарым-қатынас үлгі тұтарлық еді ғой...Бес жылдан соң Сергей қайтыс болып, Лариса 3 жасар қызымен жалғыз қалған өмірінің ең азапты күндерін де,жұмыстан шаршап келгенде қызы еркелей мойнына асылғанда ,бар уайымын ұмытып, тағдырына налыған жүзіне әдемі күлкі үйіріле кететін сәттерді, қызы мектепке барған алғашқы күні жұмыстан шаршап шығып , азық –түліктен ауысқан ақшаға шар ғана түсіп, ауладағы гүлді ешкімге байқатпай , жан-жағына жалтақтай қарап ұрлап үзіп,қызына сыйлауға асыққан сәттің де, кейінгі сол қыздың түкке де тұрмайтын бір жігітке анасын «бейшара» деп келеке қыла күлгенін, Ларисаның ақшадан қысылғандағы қызымен ұрсысып , үй алдындағы орындыққа оңаша отырып ап жылап,өзін кінәләп,сөгетін сәттерін , бәрін- бәрін мен ғана біліп жаттым. Ақымақ қыз бен ақжүрек анасының бақытты да, қиын да кезеңдеріне куәгер болдым. Екі жыл бұрын ғана көшіп келген тақыр бас , еңгезердей алып денелі,қырыққа келіп қалған жігіттің осы жылы ата-бабасы ІІ Николай тұсынан бай, Сталиннің кезінде байлықтарын жасырып ұстап , бүгінге дейін жеткен дәулетті әулеттің ұрпағы дана Влад қартты жалғыз қалғанда тонаймын деп өлтіріп алып,қанға малынған пышағын орамалға орап менің тасама тығып, өзі бір шетелдік досына сол түні- ақ тайып тұрған кезде ертеден маған балаларымен су құйып ,байлығына мастанбай, Пушкин мен Есенинді жастанып оқып, немерелеріне орыстың ғана емес, шығыс ғұламаларының сөздерін айтып отыратын дана қартқа жаным ашып еді.
Менің тасамда кішкене ғана телефон экрандарына үңіліп отыратын әр түрлі жастағы жеткіншектер мен олардың адалдық, отанды сүю, жақсылық жасау туралы балаларына бір де бір рет кеңес айтып көрмеген ата-аналарының менің өмірімдегі жаңа дәуірін көргенде менің осыдан екі күн бұрын дана Влад атайдың есінен ауысқан көршісі атайдың арнайы салдырған 30 шаршы метрлік кітапханасын өртеп жібергенде бірге өртеніп кеткім келді. Адам да болмай-ақ ,олардың алда жасайтын талай жиіркенішті әрекеттерін көрмей –ақ , қырқүйектің самал желімен бағытсыз, әр жаққа шашырай тарап жоқ болатын күлге айналғым келді.Мені де өртеңдерші...