Афоризмдер

Афоризмдер
жеке
блог

   Сәлем, массагет. Қалайсыздар? Көптен бері жаза алмай жүрмін. Жазар болсам, ойлы, ұтымды, жақсы дүние жазайын дедім. Көп нәрсе жазуға болатын еді. Шашыраңқы, мағынасыз блогтармен массагеттің мәнін кетірмейін дедім. Қызықты жазба болса міндетті түрде бөлісемін.

Менің ой салатын, мағыналы, жақсы сөздер кездескенде күнделігіме түртіп алатын әдетім бар. Соның біразын сіздермен бөліссем.

       -Өтірік сөз жарақат сияқты, жазылғанымен, орны қалады.

       -Бір ауыз сөз.... Кейде маған шөлдеп, кенезесі кеуіп келе жатқанда бір жұтым су болып елестейді.

       -Мен туралы шындықты дос айтпаса, маған кім айтады, ал өзің туралы шындықты өзгелерден тыңдау қажет-ақ. 

                                                                                                                                    (В.Г. Белинский)

      -Ең тыныш, алаңсыз, оңаша қалатын жер-ол адамның ішкі дүниесі. Жан дүниеңмен жиі оңаша қалып, жаңа күш жина. (МАРК АВРЕЛИЙ)

      -Тарыққан кездеріңді ұмыт, бірақ олардың "Сені неге үйреткенін ұмытпа".   (С.ГЕСНЕР)

      -Өмір - бұл, сенің не істеп жүргенін және қандай жоспар құрғаның.   (ДЖОН ЛЕННОН)

      -Егер сіз адамға қатты сенсеңіз, сіз алданып қалуыныз мүмкін, бірақ адамдарға сенбей сіз азапта өмір сүресіз.                                                                                                                                      (Франк КРОН).

Әзірге осыCool

Айтпақшы, осында жазылған мәліметтерге, блогтарға өз пікірімді қалдырғым-ақ келеді. Оған мүмкіндігім болмай жүр.  Кешірерсіздер.