Аффирмация (латын тілінен аударғанда - "растау") - күнделікті қайталау арқылы адамның ойын жақсы арнаға бұру, мақсаттарын айқындау, армандарының орындалуына көмек беру.
Интернет желісінде аффирмациялар көп кездеседі. Олар сурет, аудиозапись немесе жазба түрінде болады. Аффирмация әр түрлі болады. Мысалы, аффирмация на успех, денежная аффирмация, аффирмация на удачу және т.б. Бірақ, олардың бәрі де орыс тілінде жазылған.
Әрбір адамның өзіне аффирмация жазуы дұрыс деп ойлаймын, себебі оның көмегі болмаса, зияны тимейді. Ең бастысы, армандарыңыз орындалады. Егерде қызық бола бастаса, аффирмация жазуға кірісейік. Бастамас бұрын шарттарын түсіндіре кетейін.
Біріншіден, аффирмацияға атүсті қарауға болмайды. Оған бар жан-дүниемен сену керек, егер, тіпті, 0.1%-ға болсын күмән туындаса, ол іске аспайды.
Екіншіден, күнделікті қайталау жақсы нәтижеге алып келеді.
Үшіншідіен, дайын аффирмацияларды оқығанша, өзіңіздің аффирмация жазғаныңыз дұрыс. Себебі, сіз өзіңізге нақты не керек екенін білесіз, демек аффирмация толықтай өзіңізге тән болады және жуырда орындалады.
Төртіншіден, аффирмация қысқа да, нұсқа болу керек. Мысалы, Мен әлемдегі ең бақытты жанмын.
Онымен қоса, әрбір сөйлеміңіз "Мен"-нен басталғаны абзал. Кез-келген сөйлемді екі-үш есе үлкейтіп жазыңыз. Себебі, дәл осы асыра сілтеп жазылған сөздеріңізді оқыған сайын сіз өзіңізге сенімді бола бастайсыз.
Бесіншіден, келер шағыңызда жазбаңыз, сіздің ол арманыңыз орындалып қойғандай жазыңыз.
Мысалы, Мен сияқты велосипедті ешкім айдай алмайды. Шындығына келгенде, мен велосипедті мүлдем айдай алмаймын, бірақ мен оны игергендей жаздым.
Алтыншыдан, аффирмацияға бірде-бір негативті сөз араластырмаңыз. Аффирмацияны барынша күліп оқысаңыз немесе тыңдасаңыз, тек пайда әкеледі, әрі көңіл-күйіңізді көтеріп, күніңіздің жақсы өтуіне септігін тигізеді.
Жетіншіден, аффирмацияны жазып, күнделікті қайталап жүргеннен кейін күту керек. Себебі, тек шыдамды адам ғана бар көздегеніне жетеді. Егерде, сіз күте алмасаңыз, демек ол арман сіз үшін аса маңызды емес.
Назарларыңызға өзімнің жазған аффирмациямды ұсынамын.
«Мен әлемдегі ең бақытты жанмын. Менің қолымнан бәрі келеді. Мен шексіз мейірімдімін. Адамдарға шаттыұ сыйлаймын. Мен әрдайым жеңіске жетемін. Мен өзіме сенемін. Мен өте белсенді адаммын. Мен еңбекқормын. Мен үшін ешқандай кедергі жоқ. Мен жолы болғыш адаммын. Мен жарқыраған жұлдызбын. Мен барлығын жасай аламын. Менің адамгершілігім мол. Мен ең аұылды, білімді адаммын. Менің ж.регім махаббатқа толы. Менің армандарымның бәрі орындалуда. Мен жеңімпазбын. Мен тұлғамын. Мен табиғатты сүйемін. Табиғат маған әрдайым жақсы көңіл-күймен жылы энергия сыйлайды. Мен адамзаттың бәрін жақсы көремін және бәрі мені жақсы көреді. Мен бақыттымын!»