ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
жеке
блог

Ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде өткізген кезекті Қазақстан халқына Жолдауын «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы аясында талқылау өтті. Ел басшысының Жолдауында Дін саласына қатысты тікелей айтылмаса да, қоғамның тыныштығын орнатуға, саяси-экономикалық дамуға жетелейтін, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға арналған біршама реформалары талқыланды. Еліміздің жандануы мен жаңғыруы әрбір ҚР азаматының міндеті болып табылатыны сөзсіз. Бұған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Ж.К. Тоқаевтың: "Қазіргі геосаяси жағдайда біз мемлекеттілігімізді біртіндеп нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстануымыз қажет..." деген сөздеріне қатысты профессорлар, оқытушы мұғалімдер мен жас ғалымдардың бұл миссияға тікелей міндетті екендіктерін жария етті. 

www.kaznu.kz