Әділетсіздік құрбаны. Жүріп келем даңғыл жолдың бойында,Еш жамандық болған емес ойымда.Бір ер адам ұрып жатыр әйелді,Тұрып қалдым, қаным тулап байымда.Көріп тұрып асып кете алмаспын,Айырайын, одан әрі бармаспын.Қой жігітім мұның ұят деп едім,Алып-ұшып жағама кеп жармастың.Мен өзімді қорғау үшін расымен,Итеріп ем, тасқа құлап басымен,Қара жерге қан сорғалап ағуда,Араласып әйелдің көз-жасымен.Біреу келіп телефонын шалдырды,жедел-жәрдем, милиция алдырды.Ана бала күйеуімді ұрды деп,әлгі әйел, маған кісен салдырды.Милиция қолымды артқа қайырды,Өзегімді бір өкініш айырды.Кетіп барам машинаның ішінде,Әділетсіздік құрбаны боп байырғы.Әділдіктің көз алдымда солғаны,Жүрегімді тағы біраз толғады.Бәрін, бәрін, көтеремін Тәңірім,Өзің ғана көріп тұрсаң болғаны. Ернар Жақсыбаев