Әділет Сарыбайдың бір өлеңі

Беу, Байынқол!

Дәл өзіңдей тасимын, тұнық ағын,

Тайсалмай кеп тасты да бір ұрамын.

Ашулансам, анық сен бір ұраным,

Қанның тегі қара су ұғынамын.

 

Сен тасысаң секілді жер тасыған,

Жар қабақтар құлайды жалпасынан.

Қарағайлар сұлаған шалқасынан,

Шағың сұмдық шаттығым сол тасыған.

 

Жауға шапқан жалпының ірісіндей,

Өзендердің арланы тірісіңбе-ей.

Беу, Байынқол, жер көркі, сен суалма,

Ағып түскен  Тәңір-Тау күмісіндей.

                                                                               2011 жыл

 

Тай мінген          

 

Мініп алдым мін көріп құлағанды,

Ар көріп-ақ алыстым жылағанды.

«Құла тай да» қарады, дәл өзіңдей,

"Жыға алмасам есекпін бір адамды".

 

Деген болды, денемді жиып алдым,

Болжап тұрмын, тай үсті қиын алдым.

Дегенменде дем берді, сиына алдым,

Тізгінімді, теңдей ғып түйіп алдым.

 

Ал басталды, арпалыс тай тулайды,

Сансыз қауып санамды ой тырнайды.

Әлдеқалай көрпедей жерге жапқан,

Жалп етсем-ау, мүсіркеу айтылмайды.

 

Намыс, намыс құласа қазақ аттан,

Ал құласа,  кем емес тозақ оттан.

Осы ой еді санамды мазалатқан,

Ерлік тілеп ел тұрды азаматтан.

 

Ақ қарға адам батар салдым келіп

Тай үстінде әліде бармын берік.                                          

Сабай түсіп бермедім қарғуға ерік,

Терін шіркін тегештеп алғым келіп.

 

Бір тулап,  екі тулап тай тұрады.

Асаулығы шіркіннің айқын әлі.

Қойшы, әйтеуір, сол тайды мен үйретіп,

Жалы болды жарықтық бойтұмарым.

 

                                                                                              2012 жыл

Әділет Сарыбай

 




Бөлісу: