«Әділет» пен «Азия» газеттерінің тарихы мен мазмұны

          «Әділет» газетінің ең алғашқы сандары XX ғасырда, дәлірек айтқанда, 1989 жылдың мамыр айында жарық көрген басылым болып келеді. Қазақстан кәсіподақтарының «Әділет» газеті апталық газеті болғанымен, қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзінде еліміздің ақпарат кеңістігінде, сонымен қатар жаңалықтарды тарату саласында ерекше орын алды десек, еш қателеспейміз.

            Жоғары айтып кеткендей, газеттің негізгі мақсаты бұл – ақпарат, жаңалықтарды тарату болып келеді. Яғни, дәлірек айтсақ, «Әділет» өзінің оқырмандарын кәсіподақ өмірімен, сонымен қатар олардың жұмыс бағдарламаларымен, жоғарғы кеңес жаңалықтарымен жақынырақ таныстыруға тырысқан газет болып келеді. Бұл басылым еліміздің басқа басылымдарымен салыстырғанда, елдегі болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғаларды біршама ашық жазады. Яғни, тек қана бір салаға арнап жазылған мақалалармен шектелмей, оқырмандардың жан-жақты болуын көздеді. Таудай тұлға болып қалыптасқан жандарға арналған газет туған қазақ тілімізбен ғана шектелмей, орыс тілдерінде де шыққан. Осы күнге дейін әртүрлі басылымдардың беттерін парақтап, зерттеп, шолып кеткен сәтте, кез-келген басылымның бағыты мен бағдары болатыны анық және олар еліміздің жарқын болашағына арналуы тиіс екені де сөзсіз. Сол себепті «Әділет» газеті өзінің оқырмандарына ойлы айдарларды ашқан болатын. Мәселен, газеттің «Нарық және халық»,  «Кәсіподақ – еңбек қорғау»,  «Ресми ақпарат»,  «Болашақ маман үшін»,  «Үндемеуге қақым жоқ»,  «Шетелдік әріптестер тәжірибесінен» атты айдарлары болды. Ал жарнамалары басылымның соңғы беттерінде берілген.

          «Әділет» газетінің басты ерекшелігі – әртүрлі мақалалар мен жариялаған материалдары өте ауқымды дәрежеде толық қамтып, кәсіподақ өмірінің хал – ахуалы жазылды. Газеттің қаншалықты маңызы зор болғанын халыққа шығарылған тираждан байқауға да болады. Ал тираждың саны – 14342 дана болды. Осыдан-ақ қара халыққа газеттің беттерінде жариялаған материалдары әрі қызық, әрі ойлы, әрі пайдалы, жан-жақты болуын дәлелдеді.  Басылымның мазмұнына қарап, жариялаған материалдарына көз жүгіртсек, бас редактордың газеттің мазмұны мен халыққа пайдасы тиерліктей, барын салғанын да аңғарып, қажыр-қайратын аямаған, мандай терін төгіп, жұмыс істеп, «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді, елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.» деген мақал да бұл газеттің бас редакторына және атсалысқан азаматтарға сай келеді.  

            Сол жылдары жарық көрген «Азия» газеті де «Әділет» газеті секілді қоғамдық – саяси мазмұны жағынан материалдарды жариялаған. «Азия» газеті 1991 жылдың желтоқсан айынан бастап шыға бастады. Бұл басылымның құрылтайшылары: Министрлер кабинеті мен редакция ұжымы болды. Қоғамдық – саяси һәм ақпарат газеттің редакторы – Нұрмахан Оразбеков болды. Газеттің мақсат – мүддесі көршілес мемлекеттердің қоғамдық – саяси өмірлерінен хабарлар беріліп, тұрмыстың түйткілді сауалдарына жауап іздеуге бағытталған. Сонымен қатар газеттің негізгі тақырыптары – экономикалық, саясат, орта азиялық мемлекеттер интеграциясы мәселелері жайында мақалалар жарық көрген болатын. Ескере қоятын жәйт, «Азия» газеті – ең алғашқы халықаралық басылым болып келеді. Оны басылымның беттерінде жариялаған материалдардан да байқауға болады. Мәселен, бұл газетте Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан сияқты көршілес мемлекеттердің қоғамдық өміріміздегі жаңалықтың жаршысы болып, мазмұн ағымына сай көзқарасты оқырманды өзіне тарта білген басылым. «Бүгінгі күн тынысы», «Әлем жаңалықтары», «Пікір сайыс» және  «Өлең – сөздің патшасы» сияқты айдарлары болды. Көлемі жағынан басылым 16 беттен тұрып, қалыбы - А2 болып, 20-30 мың данамен Орта Азия республикаларына, Әзірбайжанға тарады. «Азия» газеті де «Әділет» газеті секілді екі тілде де шығып тұрды. Сол кезеңде жылдар бойы шартарапқа ақпарат таратып, құнды мақалаларымен қамтамасыз етіп келген газеттің алатын орны бөлек. Іздей берсең, әр шыққан сандарынан өте ауқымды материалдарды табуға болады. Алайда, өкінішке орай, «Азия» газеті 1995 жылы жабылған.

          Қорытындылай келе, ұлт зиялы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»,-деп, бір-ақ ауыз сөзімен жеткізді. Осы бір сөйлеммен жеткізген ойың тереңірек зерттейтін болсақ, ең бірінші ойға келетіні бұл – егер қазақтың басынан кешкен оқиғалар мен жайын білгің келсе, оны тек қана газет – журналдардың беттерінен парақтап, біліп, көре аласың.  Себебі, газет пен журнал халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен тағылымының алтын сандығы!

 



Бөлісу: