Бұл өмір ағыны қатты толассыз өзен сияқты. Арнасына қосылсаң қай жерді шайып барса да сол ағыстың бір толқыны болып жүресің. Қашан сені жағаға шығарып тастағанша сол алға қарай ұмтыласың, кейде ағысқа қарсы жүресің, кейде қайда ақса да бетінде қалқып бара жатқан бөренедей өзіңді ағыстың құзырына беріп қалқып кете барасың. Өмір – қызық дүние!
Мына жарқылы мен жұрқылы көп жалған дүниеде әділетсіздіктер көп сияқты. Тіпті жетіп артылады. Әрине өмір болған соң қуанышы мен қайғысы қатар жүрері хақ. Алайда адамдардың санасы қазіргі кезде тек шоуды, жарқ-жұрқ дүниені ғана жақсы көретіндей болып көрінеді. Бұл жағы, бәлкім, өзім айтып өткен ағыстың әсері де болар. Мен заң, сот, білім саласы, адамдар арасындағы әділетсіздің емес, мамандықтар арсындағы әділетсіздіктер жайында жазғым келді. Қалған әділеттен алшақ дүниелерді келесі бір тақырыптарда жаза жатармын.ондай дүниелерге шалынып жығыласың.
Қазіргі кезде барлығы ақшасы көп салаға барғысы келеді. Көбісі экономист, футболист, бизнесмен сияқты ақшаны күреп табатын мамандықты алып бір жерге топ ете қалғысы келеді. Оның себебі де жоқ емес, адам тумысынан ақшаға ққұмар болады ғой. Сол секілді ақшаға деген құштарлық осындай салаларды таңдатып жатады. Мақұл экономист, менеджер сияқты маман иелері қалай болсада жұмыс жасап ақыларын алып жатыр. Ал допты жанына серік еткен ала доп шеберлеріне айына, жылына бір рет 90 минут 1 доптың артынан жүгіріп, гол сала алса, допты қуып жүре алса пәленбай мың теңге, қаншама мың доллор ақша төлеп жатады. Шет елдерден қаншама қаражатқа легионерлерді келісім шартпен алып келіп жатады. Ол қып-қызыл ақша, оның орнына қажет манамдарға сол қаражатты жұмсасашы. Ал өрт сөндірушілер құтқарушылар, полиция қызметкерлері ше? Олар футболисттердің айына тапқан жалақысын жылдап табатын шығар. Кез келген жерде өрт болса күн демей, түн демей діттеген жерге барып лаулаған отты сөндіріп, адамдардың жанын алып қалуға жандарын салып күрсетін, суға ағып бара жатса, қандай да бір тау сияқты төбелерден құлап жатсаң көмек қолып созатын құтқарушылар, қақиып ел тыныштығын сақтайтын полиция қызметкерлері соншама еңбек етіп жатса да, еңбектері еленбейді ғой.Ай сайын айналып келетін, келеді де кететін мардымсыз ғана айлыққа күнелтіп отырады. Ол футболистер бір доп тепкені үшіп шалқып өмір сүреді. Қиындық көріп жатқан олар жоқ, бар дүниені жасайтын басқа біреулер, олар тыныш жерде ақшасы бар демалып жатады. Қазіргі таңдағы қажет салаға неге қолдау көрсетпейміз? Бұл әділеттілікке жатады ма?
Маман жетіспеушілігін азайту үшін сол мамандықтардың жалақысын өсіріп, өмір сүрулеріне толықтай жететіндей ету керек сияқты. Әділеттілікті іздей жүрейік, қазақ жұрты!