Әділдігі бар азап

Әділдігі бар азап
жеке
блог

 

    Досының қаламдай қастары мен қиылған кірпіктерінің қара бояуды жағып ластанғанына, қолан шаштарының уыстап түскеніне, қан жұқпаған ақ бетінің дақ жұқтырғанына, ақын жырлаған шиедей ернінің бүгін де сүйсінерге қызығы қалмағанына, таудан биік көкірегінің аласарғанына, иықтарының өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға тап болғанына, ерден биік ұстаған еңсесінің құлап қалғанына, балғын тілдерінің кенет балағат сөзге жақын болғанына, ақсүйекті қолдарымен лас заттар ұстағанына, оқтай аяқтарының шоқтығы қалмағанына, сыбызғының сымындай ап-арық саусақтарына тырнақ өсіп кеткеніне, табанының таза емес жерде жалаң жүргеніне, әрбір сәт алаңдайтын болғанына,  жақындары үшін жанын құрбан еткеніне, өзіне қымбат адамға барынша жалғыз ғана қорған бола білгеніне, жалғыздықта жас төккеніне, жүрегінің қан жылап, соңында тасқа айналғанына жол бергеннен соң, ендігі көретін қисыны бар қиындыққа төзу – әділдігі бар азап деп ойлаймын...