ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
жеке
блог

Біздің өміріміздің 80% біздің әдеттеріміз құрайды. Әдет бір әрекетті бірнеше рет қайталаудан пайда болады. Бірақ ерік-жігерді қажет етпейді бейсаналы түрде ойланбай істеуге болатын дағды.

1. Бір уақытта бір нәрсе. Көптеген адамдар бір сәтте өзгергісі келеді, бір әдетті өзгерту қиын бір уақытта бес әдетті өзгерту мүмкін емес. Соңдықтан аздан бастау қалыпты нәрсе құмыра тамшыдан толады демекші күнделікті аз-аздан қайталасаныз ол сіздің әдетініз болады. Әдетін ол сенің тағдырын. Өміріңізді бірден өзгертуге тырыспа. Ешбір адам бір-екі күнде өзін өзгерте алмайды.


2. Барынша шыдамды бол. Зымыранға ұшу үшін көп энергия қажет, әйтпесе тартылыс күшін жеңе алмайды. Адамға әдетті дамыту үшін де орасан зор энергия қажет. Алдымен жағымсыз достарыңызбен қоштасыңыз, спортзалға барыныз темекіні тастаныз. Бұл қазірдің өзінде үлкен мәселе.


3. Жаман әдетті жақсыға ауыстыр. Жаман әдетті жоюдың жалғыз жолы - оны жақсы әдетке ауыстыру. Егер сіздің өміріңізде тесік пайда болса оны жақсымен толтырмасан жаманмен толады. Сондықтан жаман әдеттерден арылу өте қиын.  


4. Нақты мақсат қою. Алдымен нені өзгерткін келеді соны анықтап алу. Егер сен не үшін істеп жатқанынды түсінбесен бас тартуын мүмкін. Сондықтан не үшін істеп жатқанынды және бұл әдеттен не нәрсеге қол жеткізгін келеді соны анық білу керек.