Бикештердің көбі үшін суретке түсу нағыз проблемаға айналды. Неліктен деп ойлайсыздар? Себебі қаншама рет тырысып бағып, фото жасаса да, өз-өздеріне көңілдері толмайды. Олай болса, төмендегі қарапайым пайдалы құпия әдіс-тәілдерімізге құлақ салыңыз, сонда суретке түсудің сізден асқан хас шебері болмас.
1-тәсіл. Керемет поза жасаумен әуестенбеңіз. Суретте неғұрлым шынайы көрінсеңіз, фотоңыз соғұрлым тартымдырақ болмақ.
2-тәсіл. Тік тұрып, басыңызды жоғары көтеріңіз. Бір аяғыңызды алдыңызға шығарып, сәл бұрылып қараңыз. Осы тұрыс арқылы сіз өзіңізді жарты профильде көрсете аласыз, ал бұл ең ұтымды тұрыс.
3-тәсіл. Күлімдеңіз! Жабырқаулы қыздар ешкімнің көңілін аудара алмас. Мұнда ескеріп кететін жайт: ''Чиз'' деген тұзаққа салынып қалмаңыз, өйткені нәтижесінде сүйкімді езудің орнында әзіл-сықақшының күлкісіне ұқсап кетесіз. Мәжбүрлеп түсірген кейіп танытпау үшін тіліңізді алдыңғы тіс иегінің артқы жағына сәл қысып қойыңыз.
4-тәсіл. Көзіңізді кең ашыңыз. ( бірақ тым бадыраймаңыз, әйтпесе бір нәрседен шошынып не болмаса таңқалғандай әсер қалдырасыз). Нысанаға тура қарамауға тырысыңыз, әйтпесе суретте көздеріңіз қызыл болып көрінеді. Көзіңізді обьективтің төбесіне бағыттаңыз.
5-тәсіл. Өзіңізді бос ұстаңыз. Суретке түсер алдында терең тыныс алып, деміңізді шығарыңыз.
Міне, суретке ойдағыдай түсу сіз ойлағандай аса қиын іс емес екендігіне көзіңіз жеткен шығар. Фотосуретте ең сымбатты көріну үшін мына аталған негізгі қыр-сырларды әрдайым жадыңызда сақтап, дер кезінде тиімді қолдану жеткілікті. Ең бастысы - өз-өзіңізді шынайы сүйіп, бағалаңыз және жоғарыда айтқанымыздай күлімдеуді ұмытпаңыз!