Әдемі ару, кедей суретші мен соқыр махаббат туралы.

Әдемі ару, кедей суретші мен соқыр махаббат туралы.
жеке
блог

 

«Жил-был художник один, Домик имел и холсты. Но он актрису любил, ту что любила цветы..»  

 Алла Пугачеваның репертуарындағы  «Миллион алых роз» деп аталатын  осы бір әнді мен күніне бірнеше қайтара  тыңдай аламын. Гүлге ғашық актриса  үшін  өмірін бір-ақ  сәтте  миллион раушанға айналдырған суретші әлдекімдердің қиялының жемісі болар? Бірақ, маған сол Мәжнүн  өмірде болған адам сияқты...

«Похолодеет душа что за богач здесь чудит,
А под окном чуть дыша бедный художник стоит...» 

 

Осы бір әнді тыңдай отырып, гүлге ғашық аруды да, оған ғашық суретшіні де аяймын. Сезімі үшін шексіз ризашылығы болмаса, актриса  оны сүйе алмайды ғой. Жүрекке  әмір жүруші ме еді?

Жүрек демекші… Жүрек бір күні  адамның сезімдерін махаббат, қызғаныш пен сағынышты жинап алып, «жасырынбақ ойнайықшы» депті. Қызғаныш -қызыл от емес пе? Ол  жасырынғысы келмеген. Сағыныш та. Ал, аңғал махаббат болса,  ақылдың айтқанына құлақ аспай, раушан гүлдердің  ортасына  барып жасырыныпты. Сөйтіп жүріп, раушан гүлдерінің  тікенінен су қараңғы боп  қалған.  Өзін кінәлі санайтын жүрек  содан бері  махаббатты қамқорлығына алған екен дейді.

 

Содан  бері  махаббаттың мекені жүрек екен. Бірақ, соқыр сезімнің кейде жүректі  де тыңдамай кететін кездері көп. Тіпті, ақылдың да айтқанына  құлақ аспайды.  Сөйтіп, артынан опық жеп жатады. Тура Пугачеваның кейіпкері сияқты...

«Прожил художник один много он бед перенес,
Но в его жизни была целая площадь цветов.

Миллион миллион миллион алых роз
Из окна из окна из окна видишь ты.
Кто влюблен кто влюблен кто влюблен и всерьез
Свою жизнь для тебя превратит в цветы...»

Әттең, махаббат соқыр болмағанда ғой...