Соңғы кездері британдық әнші Адельдің шығармашылығы ұнап жүр. Қай әнін алмасаң да мөлдір сезімге, мұңға, қуаныш пен қайғыға, өкініш пен арманға тұнып тұр. Және Адель көп әндерін өзі жазады екен. Бұл да бір адамның өнер үшін туылғандығының бір айғағы іспеттес. Бәлкім, оны тануда мен сәл кешігіп қалған шығармын. Өйткені ол бір жыл бұрын көптеген музыкалық жүлдедерді иеленіп, әлемге өзін танытып қойған. Бірақ сонда да, оның әндері уақыт талғамайтын өмірлік хит болып қалатынына сенімдімін. Жазушы Час Ньюкей-Бёрден Адельдің шарықтау мен құлдыраған шақтары, оның өмірі жайлы биографиялық кітап дайындап жатыр екен. Сол кітаптан үзінділер келтіре отырып, әндерімен бөліскім келіп отыр.
«Маған атам үлкен ықпал етті. Мен әрдайым оны алға жетелейтін нұр ретінде танып келдім» - Адель.
«Анам маған екіқабат екенін білген уақытта университетке түсуді ойлап жүрген болатын. Оған таңдау жасау керек болды. Білімнен бас тартып, мені таңдады. Рақмет, анашым!» - Адель.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rYEDA3JcQqw","width":"425","height":"350"});
«Мен жасөспірім қыз болғанда қайғылы махаббат жайлы әндерді жақсы көретінмін. Әсіресе бақытсыз махаббат жайлы балладаларды, оларды сезініп жылайтынмын» - Адель.
«Мен Элла Фицджеральд сияқты әншілердің мысалдарымен ән айтуды үйрендім. Оның арқасында дауысты қалай басқару керек екенін білдім. Ал Этта Джеймс мені құштарлыққа үйретті. Ал Роберта Флэктың арқасында сахнада өзімнің дауысымды басқарамын» - Адель.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/hLQl3WQQoQ0","width":"425","height":"350"});
«Бұрын мен қарапайым «Rollies» шегетінмін, кейін альбомжазуға келісім-шартқа отырған соң «Marlboro Lights»-қа көштім. - Адель.
«Бір ретте YouTube-тағы видеомның астынан бір пікір оқыдым, онда «Ол күнде жаңа тоқаштың дәмін тата ма екен?» деп жазылған. Адамдар мұндай пікірді оқысам, менің көңілім түсіп кетеді деп ойлайтын шығар. Бірақ маған күлкінішті болды. Мен әрдайым 14 - 16 размер (бізше: 48 - 50) киетінмін және бұл мені еш алаңдатпайды. Мен салмақты тек денсаулығыма қауіп төнгенде ғана тастаймын. Әзірге мен өзімді керемет сезінемін» - Адель.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Ri7-vnrJD3k","width":"425","height":"350"});
«2008 жылы мені ішімдікке салған бір жігітпен кездесіп жүрдім. Мен бір күн ішімдік ішпесем, тұра алмайтын халге жеттім! Бұл өте қиын еді. Сол жігітке және ішімдікке байланып қалдым. Сол кезде өз-өзіме «жоқ» дедім де басқа жаққа кетіп қалдым» - Адель.
«Бірінші альбомым шыққан соң («19») бөлек тұруды шештім де, Ноттинг - Хиллдағы (Лондон) пәтеріме көшіп кеттім. Менің өмірім аласапыранға айналды! Телефон жұмыс істемейді, карталарым істен шығып, үйімнің астан-кестені шықты. Анамсыз күнім қараң екенін түсініп, қайтадан оның қол астына көшіп бардым.» - Адель.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RDRwqTNLGDs","width":"425","height":"350"});
««21»-ді жазған уақытта жүрген жігітім екеуміздің сезіміміз керемет еді. Қазіргіні санамағанда үлкен сезім болатын. Ол жанымда болмаса, өзімді бос кеңістік сезінетінмін. Оған дейінгі болғанның бәрі өтірік сияқты болатын. Бұрынғы жүргендерім мәнсабын жаңа бастап келе жатқан менің құрдастарым еді. Бірақ ол... ол маған кино, әдебиет, тарих, саясат, тіпті мәртебелі шарап виноны қалай жақсы көруді үйретті... Бұрын қызықпаған заттарыма жаңа көрініс ашты.» - Адель.
«Онымен айрылысып кете салысымен мен «eHarmony» (салмақты қарым-қатынастар құратын танысу сайты) сайтына тіркелдім, бірақ маған бірде бір хат келмеді. Өйткені мен суретті қалай жүктейтінін білмедім. Жай ғана өзімнің жаңа өмір бастау керек деген ынтам болды. Бірақ екі көзім екеуміз жайлы естелікке толы қораптарда болды» - Адель.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/SuVDxJ6kQg4","width":"425","height":"350"});