Әдебиеттің асыл шыңдары
блог
Қазақ әдебиеті адамды жандандырып , жүрегіне ерекше сезімдерді ұялататын айқындай тарих айнасы десем сірә артық айтқандық емес. Сөз маржаны төгіле түсетін , мақалданған мәйегі бар, тәлім мен тәрбиенің негізгі арнасы асыл әдебиетте ұялағандай . Мектеп қабырғасында да осындай жауһар жырлар төгіліп жатыр . Асыл арналар мен тоғысқан тағдырлар жүрегімізді жылытып , тіпті кейде тербетіп , жылатып та жіберетіні өтірік емес-ті. Ендеше менің жүрегімнен ойып тұрып орын алған туындылармен бөлісе кетсем :
Ең әуелі менің махаббатымды ашқан , қабілетімді шыңдай түскен ол әрине - Абай Құнанбаевтың өлеңдері . Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде жетекшім жаттау қабілетімді байқап , аудандық өлең оқуға мені дайындай түсті . Осылайша , аздаған уақытта жүз өлең жаттап , мектебім мен жақындарымды дүр сілкіндіріп жібергенімде бар . Күні бүгінге дейін әр жарысты қалт жібермей келемін. Әр қазаққа тағылымы мол, өнегелі ақынның шығармашылығы туралы білу абзал деп ойлаймын .
Келесі кезекте өзімнің қызығушылығыммен жаттаған Мұхтар Шаханов атамның "Отырар дастаны " туындысы . Әдебиет сабағында жай ғана тақырып етіп оқып өткеніміз есімде . Ал үйге келіп әкеме оқып бергенде , әкемнің көңілі толғаны соншалықты,күнде кешкі астан кейін дастан оқу әдетке айналды . Өсе келе желілерден толық нұсқасын тауып оқи бердім . Кейін қалай есімде қалғанын тіпті байқамай да қалыппын . Ауызымнан түспейтін туындыға жолыққаныма өзімде өте қуанышты болдым десем де болады . Біреулер үшін іш пыстырарлық ұзақтан ұзақ шығарма болып көрінуі мүмкін, бірақ мен үшін көлем маңызды болмады тіпті . Яғни , бар ынта мен зейінді қойып жаттаған бұл туынды менің жүрегімде мәңгі қалары анық .
"Батырлар жыры "-Ауыз әдебиетінің ең үлкен шыңы . Әр қазақтың ауызында жүрген "Қабанбай батыр" жыры мағанда жетіп , тіліме табан тіреді. Қыркүйек айының соңында аймақтық жарыс үшін Зейнолла атамның шығармашылығынан "Қабанбайдың Долаңқараны жеңуі және еліне қайтуы " аталып кеткен ауқымды жырды есте сақтап , сахнаға баяндау маған да бұйырыпты . Маған дайындалу аса қиындық туғыза қоймады , себебі мені қолдайтын , шындайтын отбасым бар . Әкем менің бұл жолымды өте жоғары қолдайды және бағалайды . Сондықтан "Қабанбай батыр" дегенде шығарға жанымыз , айтарға жырымыз бөлек еді .
Мұхтар Мағауиннің аты шулы " Шақан шері " поэмасы . Поэманы оқу мен үшін аса маңызды мақсаттарымның біріне айналды . Ақыры оқып болып , өзгелермен ой алмасқан сәттерден бастап , жазушының жазу стиліне ғашық болдым . Сөз мәнері аса көркем , өлім мен өмірдің арасындағы оқиғаларды жеткізудегі профессионализмнің деңгейі асқар шыңдай теңдессіз жоғары екендігін байқадым . Трагедиялық жанр мен шарықтаған сюжетті ұнататын адамдарға таптырмас туынды, кеңес беремін !
"Құдай-ау ,қайда сол жылдар ,
Махаббат қызық мол жылдар."деп кезегімнің бірінен осы туындыға орын бердім . "Махаббат қызық мол жылдар" өз заманында ғана емес , күні бүгінге дейін оқушылар мен студенттердің қолынан түспейтін туындыға айналған . Адамды еліктіріп жіберетін махаббат оқиғасына жолыққан Меңтай мен Ерболдың өмір жолы оқуға ыңғайлы , тілге жеңіл . Сөз орамы обағанынан келетін , кез келген адамды еліктіріп алып кететін туынды жайлы дүйім жұрт естігені хақ . Бірақ , оқып көріп , кітаппен бірге жылап , кітаппен бірге қуанғандар саны аз .
"Асыл сөзі іздесең- Абайды оқы ерінбе " . Сөзімнің соңын алпауыт роман-эпопеямен түйіндегім келіп тұр . Мұхтар Әуезовтың ғасыр кітабі тарих бетінде алтын әріппен қаларлық алтын із болып қалары сөзсіз. "Абай жолы " жайлы білмейтін қазақ кемде-кем. Қазақ демей- ақ таңдаулы оқырман дегенім жөн болар . Себебі: әлем әдебиетіндегі 160 - тан көп тілге аударылған бұл туындының алар орны бөлек .
Міне , асыл оқырмандарым менде сізге өз тәжірибемдегі жауһарларыммен бөлістім. Шығысымның шынарлы тарихы да , қазағымның көркем тілді әдебиеті де бір бірімен ұштасып жатқан жоқ па?!
Тілімізді сүю әдебиетімізді танудан басталады. Сондықтан қазағымның алтын тілді әдебиетін сақтап қалу , оны дәріптеп келер ұрпаққа насихаттау біздің қолымызда...
Ал сіз қандай туындымен бөлісер едіңіз ?