Адай бауырларыма.
блог
Адай деген - адуын, тентек халық,
Ерлігі мен серілігі ертек халық.
Қан жұтқызып қасарған қас жауларын,
Сергелдеңде жататын серті ақталып.
Көмілгенде ақ шаңға атамекен -
Ақ асмасы ашумен қатар екен.
Ауыл болып бір кезде су үшін де
Ат ойнатып, "аттандап" жатады екен.
Қаны қайнаса, қабағы қатуланып,
Жары үшін де жатады жанды беріп.
Қайың мінез, қайыспас қайсар ру,
Майыспайтын мәрт халық мәңгі берік.
Есті сөзің елірген елге өтпеген,
Замана ғой - оятқан ойды оқпенен,
Шешен тілмен төкпектеп, шешілгенде
Ауыздыға сөз беріп, сөйлетпеген.
Бура-бұлтын төбеден жайған аспан
Алма-кезек тағдыр ғой тайталасқан,
"Иә, БЕКЕТ!" - шапқанда ақкөз АДАЙ,
Аруағы дұшпанның айға қашқан.
Босағасы - бақыт та, төрі - құтты,
Қасиетін кейбіреу кейін ұқты.
Басын кесер болсаң да, бағынбайтын,
Өн бойында өр рух өріліпті.
Авторы: Рақат Қосбармақ