• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң»

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң»
жеке
блог

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң»

   Жалындаған жастық шақ. Жасы үлкен аға-әпкелеріміз «Жасыңда оқы, тоқы, білім ал. Уақытыңды зая кетірме. Жамандықтың жолына түспе. Жас кезіңде қалай қалыптассаң сондай боласың» дегенді жиі айтады.  Жас шағында елеулі іс бітіріп елдің алғысын алып, мерейі өсіп жатқандар бар. Бұл жастарды көрсең бір көңілің жайланып еліміздің болашағына сеніммен қарай аласың. Бірақ, бес саусақ бірдей емес дегендей, барлығы жақсы болса мейлі ғой. Өмірде ақ пен қара қатар жүреді. Шалыс басып, қиындыққа тап болып, жеңіл жаққа бет бұрған жастарымыз қаншама. Олар ол жағдайға әдейі барып түсейін демейді ғой. Жат әдеттер санамызды улап алады: темекі тарту, ішімдік, есірткі, жаман қылықтар, қолына суық қару ұстап адам өмірін қию, әдепсіздік, мода, діннің басқа жолына түсіп кету, өз-өзіне қол жұмсау, біреудің ала-жібін аттау, ұрлық. Қарап отырсаңыз жамандық деген жетеді. Тіпті, бұл сөздердің қатары көбейе беруі мүмкін. Мұндай жағдайға тек жастар ғана емес, жамандық кімнің басын айналдырады сол, егде жастағылар да, арбауына алданып аяқ басып кетуі мүмкін. Адамның өзінен -өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге – біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне  түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалар. Негізі, «тәрбие -тал бесіктен» демекші,    барлығы тәрбиеден басталады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Дұрыс тәрбие берілмегендіктен, отбасы толыққанды болмағандықтан бала психологиялық ауытқуға ұшырайды. Немесе қазіргі барлық жағдайдың, яғни төрт түлігінің сай болуы кері ықпалын тигізуі мүмкін. Олардың қатарына ғаламтор келіп қосылды. Әр адамның бойында қызығушылық қасиеті болады. Біз тегі сол жақсылыққа қызықсақ жақсы ғой. Жамандықты тез меңгеріп аламыз. Тағыда бір себебі, жоғары да айтқанымдай ортасы, яғни дос-жаран, құрбы-құрдастарына да тікелей байланысты. Барлығының атын кірлегім келмейді, бірақ көбісі басына кішкене бір болмашы қайғы түссе, не темекі шегеді, не арам суға жүгінеді, есірткінің рахатына шомылады. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі еркек атаулының 57 %, жасөспірімдердің 25%, ал қыз-келіншектердің 31%  шылымқор көрінеді. Темекі түтінінің құрамында ағзаға зиянды 1200-дей зат бар. Оның ең зияндысы –никотин. Темекі тартатындардың  темекі  тартпайтындарға қарағанда  өмірі 7-15 жасқа қысқа келеді екен. Әрбір 100 грамм  темекі  түтінінен 5-7 грамм  қара күйе шығады. Демек , күніне бір қорап  темекі  тартқан адам жылына 700-800 грамм қара күйе  жұтады . Ғылыми зерттеулер улы түтін  адамның  ми, сезім , тыныс жолдарын, ас қорыту, жүрек, қан тамырлары  және  жыныс мүшесінің қызметін бұзатындығын  дәлелдеген. Ал ішімдіктің болашақ нәрестеге , бейкүнә сәбиге зиян екендігі  сөзсіз. Баланың іштегі  өлі немесе кемтар болып туылуы көбінесе осы жағдайларға байланысты. Соңғы зерттеу нәтижесіне зер салсақ , ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге  дейін жалғасатын көрінеді. Маскүнем адам ақылынан  айырылып, қасындағы адамдарға  зиянын тигізеді, оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады, өзін бақылауда ұстай алмайды. Есірткі- бұл адамның көңіл-күйін , сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге  түседі. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп , зақымдайды. Мұны «мидың қатерлі рагы» дейді.  Хадисте: «Адам ата пер­зенттері мына төрт нәрсеге жа­уап бермейінше, қияметке бара ал­майды. Өмірін қалай өткізгендігі, жас­тық шағын қалай пайдаланғандығы, бай­лығын қалай тауып, қайда жұм­сағандығы мен істеген амалдары ту­ралы» деген. 
Бұл айтылып отырғандардың бар­лығы бізге берілген аманат. Хадисте адам өмірін айта отырып, жастық шақты ерекше көрсетуі тегін емес. Сондықтан, жалынды жастарымыз жалт етіп өте шығар жастық дәу­ренді сауық құрып, текке өткізбей, өзі­нің өміріне лайықты пайдалы іспен шұ­ғылданса игі болар еді. Адам баласы өзіне жүктелген аманатына адал бол­са ғана адамзаттық борышын сақ­тап қала алады. Бұл жөнінде Құран Кә­рімде: «Қияметте көз, құлақ, жүрек туралы сұрақ болады» делінген. Олай болса, аманаттың түрлері – байлыққа деген аманат, діни ғұрыптар мен оны үйретуге деген аманат, денсаулыққа зияндық жасамау жөніндегі аманат, қоршаған ортаны бүлдірмеуге де­ген аманат, отбасын толықтай қам­қорлыққа алу турасындағы ама­нат­тар және тағы басқалары. Жас­тардың осындай аманаттарына адал болуы оның имандылығына ті­келей қатысты. Өкінішке орай, қазір ауырдың үстімен жүргісі келетін, қолға алған ісін бітіре алмай, кейінге ысыра салатын, жағымсыз қылық, жалқаулық әдеті бар жастардың көбеюі өтірік емес. Әрине, тағыда барлығына топырақ шашпаймын. Жас жеткіншек  талшыбық секілді иілгіш , жел қайда соқса  сол жаққа  қарай бейімделеді. Қай ата-ана баласының тәрбиесіз , бұзақы  болуын қалайды? Әйтсе де , жаман әдетке үйрену оңай. Жазуші-журналист Еркімбай Әкімқұлов: «Қоғамдағы келеңсіздіктер- қарапайым халықтың тұрмыстық, әлеуметтік  жағдайының төмен болуынан. Сол қиындықтарды шешу үшін сондай дүниелерге барады. Еңбектен қашатындар. Жеңіл-желпі өмір сүргісі келетіндер. Мемлекет бастап, барлық жерде Ішкі істер департаментінің күшін күшейту керек. Заң шығару керек. Заң әлі әлсіз. Бұл жастар арасында құбылысқа айналып бара жатыр. Сондықтан қоғамды іштен ірітетін, жат элементтерді мықтап қолға алу керек» дейді. “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. «Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас» дегендей, өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болсақ біз бен сіздің жанымыз жадырап, еліміздің болашағы жарқын болар еді. Жоғарыдағы жат әдеттердің жанға берер еш пайдасы жоқ, бекер өміріңді қатты соққан торнада желі секілді қиратып, сындырып кеткені болмаса. Өзінің атынан белгілі боп тұрғандай ол бізге – «жат». «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» демекші, жақсылық әрқашан есігін айқара ашады. Барлығын өзімізден бастайық!  




Бөлісу: