Адасқандар

Адасқандар
жеке
блог

    Бұл ғарыштық кеме адамзат ақыл ойының соңғы жетістігі еді.Адамдардың ғарышқа шыққанына тұп-тура  сегіз жүз  жыл болған.Бұл кеме мың жыл бұрынғы кемелерге қарағанда салыстыруға да келмейтін.Тасбақа мен қабыланның айырмашылығындай .Түрінде емес, әрине,жылдамдығында.

     Біздің галактиканың орталығын,және де біраз аиналасын біз қоныстанып болдық.Енді шет жақтарын зерттеуге,шама келсе калониялауға аттанып барамыз.Сөз арасында айтып қояиын бөгде планеталықтарды әлі кездестірген жоқпыз.Ақыл иелерін айтам.Ал мақұлықтардың сан алуан түрін кездестірдік.Мүмкін әлі кездесерміз.
      Мен кеме капитанымын.Есімім жоқ.Тек қана нөмір002 Ат алуға әлі еңбек сіңірген жоқпын.Және де меннен басқа 999 қыз-бозбала.Жаңа өмірге, жаңа күн жүйесіне аттанып бара жатырмыз.Барлығы да бірнеше мамандық иелері. Біздің кеме мүлде жаңа тәсілмен ұшады. Дәлірек айтқанда өте ескі тәсіл.Бұдан сегіз жүз жыл бұрын бұл тәсілмен жүз ержүрек ғарышкер ұшқан екен,жоғалып кетіпті. Ол кезде кеткен қателіктер қайталанбайды дейді ғалымдар. Ол кезде салыстырмалы түрде айтқанда,дейді ғалымдар,реактивті двигательді сыйырға байлап ұшырғандай болған.Ол миссияның жүзеге асуы мүмкін емес еді. Шынында да бұл ұшыуымыз басқаша болды.Двигательді қосқанымыз сол екен,біз де ,қалай айтсам екен,жоғалып кеттік.Айналамыздың бәрі тұманданып,бұлдырап бара жатты.илюминатордан түк көрінбейді.Енді бұл двигательді сегіз жүз емес,сегіз жүз мың жылға тыйым салатын шығар.Сіз ойлап отырған шығарсыз,недеген ақылсыздар,сынақтан өтпеген кемемен, қаншама баланы,..-деп.Қорықпаңыз біздің қоғамда жүз милиардтан астам адам бар,екіншіден бұл двигательдің жұмыс істеу тәртібіне байланысты\уақыт пен қашықтық\,үшіншіден біз бәріне де дайынбыз,деп қол хат жазғанбыз.Есімізден танып кетіппіз. Есімді жинасам бір жұлдыздың орбитасы бойында айналып жүр екенбіз.Барлығы да оянды. Кеме істен шыққан , ақырындап күнге құлап келеді екен.Не істеу керек? Күннен кейінгі үшінші планетада оттекті атмосфера бар екен.Құтқару қайықтарына отырып сонда қондық.Климаты суық екен.Жануарлар да жетерлік.Қалың жүндері бар алып жануарлар.Біз экваторға қоныс аударуға шешім шығардық. Міне тосын сый!Планетада ақыл иелері бар болып шықты.Өздері қап қаралығы болмаса тұп-тура біз сияқты екен.Иә-иә!Бірақ жабайы,от жағуды біледі, тіпті өздері сөйлеуді де біледі екен.Кей сөздері бізге келіңкірейді екен.Мағыналары ұқсайды. Біз оларды таптық. Бұдан сегіз жүз жыл бұрын ұшқан ғарышкерлердің ұрпағы екен бұлар. Ұшып жеткен соң,бұлардың да кемелері бұзылады.Бірақ бұлардікі күнге емес,планетаға құлайды.Біз сияқты бұлар да құтқарушы қайықтарға мініп аман қалады. Ал планета болса,алып кеме өз салмағымен құлаған соң,жер сілкініп ,жанартаулар атқылап,атмосфераны күл басып,суый бастайды.Суықтан суыққанды жануарлардың барлығы өліп қалған екен.Алыптар әлемі,ергежейлілер әлеміне айналыпты.Құтқарушы қайықтардың энергиясы біткен соң,үшінші,төртінші буыннан кейін жабайылана бастаған.Олар бұл планетаны отанымыз сияқты Жер,деп атапты!
    Мен кеме капитанымын.Есімім жоқ,тек қана нөмір003.Біздің ғарыштықтық кеме мүлдем жаңа тәсілмен ұшады.Турасын айтқанда өте ескі тәсіл.Бұдан сегіз жүз мың жыл бұрын...