І. Адасқан сезім.
Үйдің есігі ашылып, «Мен келдім» деген дауыс шықты. Бұл осы үйдің кенжесі, еркесі, кішкентай ғана сүйкімді ақ сары қыз - Қарашаш еді. Үйдегілер кешкі асын ішпей оны күтіп отыр. Жұмыстан шаршап келген Санду үйдегі бала-шағаның абыр-сабырымен отырып, отбасының қасында кешкі асын ішіп болғаннан кейін күнделікті әдеті бойынша жуынып-шайынып, бөлмесінедегі айнаның алдына кешкі кремдерін жағуға отырды. Айнаның алдында өзіне тамсанумен қарап отырған қыз көзінің маңайынан әжімдердің сызығын көргендей. «Мен кәртейіп барамын», деді ақырын ғана. Көзінің маңайына сызықтар ғана емес, мұң да үйірілгендей. Ол төсегіне келіп сылқ құлады. Шалқасынан жатыр, көзі төбеде ілініп тұрған шамда, құшағында жастық, көзінде мұң. Басына неше түрлі ой, сан қилы сұрақтар келді. Солардың барлығының жауабын, шешімін табуға тырысады...
...Адам баласы өмірге шыр етіп келгенде маңдайына оның тағдыры жазылады дейді. Мүмкін солай шығар, мүмкін сондықтан да мен әлі өзімнің екінші жартымды кездестірмей жүрген болармын. Менің тағдырым, менің өмірім, маған арналған өмір сценарийі осындай шығар сірә. Күндер өтіп жатыр, сол өткен күндерде менің сағаттарым, менің күндерім, менің өмірім, қарап тұрсаң бір күн дегенің не? Жиырма төрт сағат, содан кейін бір апта оның келесі аптасы, айы, жылы... Міне, көзді ашып-жұмғанша бір жыл да өте шықты, сол жылменмен тағы бір жасқа есердім. Есердім?... Жоқ, есермедім, кәртейдім... Ия, кәртейдім. Отыз екі жас аз ба? Отыз екі жыл аз ба? Жоооқ, ол аз емес, ол бір шама жас. Қазақ «Отызында орда бұзар» деген ғой, қызға «Он үшінде отау иесі» дегенде бар... Қазір, төсекте өзім жалғыз жатырмын, көрпем жылы, құшағымда жастығым. Айналама қарасам, бөлменің төрт қабырғасы, төбемде тұрған бір шам. Ал санамда, осындай сансыз аласапыран ойлар айналып жүр. Бұл уақыттан менің өмірден алған еншім осы болғаны ғой деген шешімге келдім. Мен неге жалғызбын? Менің өмірімде маған ғашық болып, артымнан жүгірген жандар қаншама болды, мені құлай сүйгендері де, мен сүйгендерде болды ғой. Бірақ, қазір, мен неге жалғызбын? Сонда олардың барлығы қайда кетті? Міне, тағы бір мазасыз ойлар санамды торлап жатыр, шырмалған ойлар, армандар мен қиялдардың ішінде санам шатасып жатқандай...
Мені сүйген бір жан Архат студенттік шағым, біз бірге оқыдық, бірге жүрдік, шіркін, тәтті балалық сезім еді ғой ол. Біз бір-бірімізден ештеңе талап етпейтінбіз, бір-бірімізге ешқандай есепсіз қарайтынбыз. Мөлдір, таза, тұнық балаң сезім, тәтті сезім. Мен үшін отқа да, суға да түсуге дайын бір жан. Төрт жыл сабаққа бірге барып, бірге қайту, студенттік өмірдің қызығы мен шышығын бірге көру, тіпті бір партада отырсақ та сағынып тұрған жүректер. Екеуімізге ортақ болған бір арман, бір мақсат, бір болашақ... бәрі, әдемі, тәтті еді ғой. Менің айтқанымды екі етпейті, ол үшін бұл өмірдің заңын жазатын бір адам болған, ол - мен едім... Талай жылдар өтті, оқуымызда бітті, оның маған деген сезімі өрши түсті... Ол әскерге кетіп бара жатып, менің ауылыма келді емес пе? Сол кезде оның айтқан сөзі, қазірге дейін көз алдымда. Құдды бір жаңа ғана болғандай.
Дала, сарғайған, сары-ала, қызыл жапырақтармен көмкеріліп жатқан күздің соңғы күндерінің бірі еді. Қақпаның сыртында, алдымда, сүйгенім тұр. Ия, сүйгенім менің төрт жыл өмірімді бөліскен, төрт жыл қол ұстасып бірге жүрген сүйіктім. Өмірімнің төрт жылдық серігі. Алдымда тұр. көзі тереңде, қоңыр дауыспен, ақырын ғана «Қарашаш», деді, мен үнсіз тұрмын. Көзімнің астымен ғана оған қараудамын. Не айтарын білемін, сеземін және оған менің жауабымның ұнамайтынын, ұнамағаны былай тұрсын оның жүрегін жаралайтынын білемін. Арадағы біраз үнсіздіктен соң:
- Қарашаш, менің өзіңді сүйетінімді білесің ғой. Ия, ия мен сені сүйемін, сүйемін және бұл сөздерді айтудан еш жалықпаймын. Себебі мен сүйемін. Сен менің өмірімнің мәнісің, сен менің барымсың, бағымсың, тірлігімнің тірегісін. жаным, сүйемін сені маған тұрмысқа шықшы. Екеуіміз бақытты боламыз. Осы сәтте Архаттың дауысында бір жалыныш, бір қобалжу бар еді. Оның әр сөзінен сезімі көрініп тұрды.
- Архат мен саған тұрмысқа шыға алмаймын.
Болды. Ауызыма басқа сөз түспеді. Түспесте еді, себебі не айтарымды білмедім. Түсініп тұрмын, оның сезімін, жүрегінің мазасыздығын. Алайда сол сәтте мен үшін бұл өте дұрыс шешім сияқты көрінді. Қалай шығайын, егер үй ішің қарсы болып тұрса. Ата-ананың ақ батасынсыз қиылған неке, көтерілген шаңырақ бақытты болмақ емес. Менің жауабымды естіген Архат төбесіне жай түскендей:
- Жаным, алтынным, түсінбедім, не дедің?
- Мен саған… Тұрмысқа шыға алмаймын....
- Тоқташы, неге, не болды? қалай? Біздің сезіміміз қайда, жаным? Біздің бірге жүрген күндерімізді, бірге армандап батырған кештерімізді, бір партада отырсақ та бір бірімізді сағынған кездерімізді есіңе түсірші, сонда сен мұның барлығын ұмыттың ба? Сонда, сенің сезіміңнің алдамшы өтірік болғаны ма?
Арамызда тағы да үнсіздік. Архат есеңгіреп қалғандай болды. енді, сонау алыстан қызына ұсыныс айтып келгенде, естиін дегені бұл емес еді. Біраз тұрғаннан соң, менің үнсіз тұрғаныма қарап:
- Балапан бұл сенің соңғы жауабың ба, өзгермейді ме?
- Ия, соңғы, өзгермейді.
- Сонда, сонда себебі не, тым болмаса соны айтшы?
Не дерімді білмедім, себебі не? Себебі менің оған деген сезімімнің жалған болып шыққаны ма, себебі үй ішімнің қарсы болғаны ма, әлде себебі менің балалығымды қимағаным ба, не, не себебі, мұның себебін саған түсіндіруім үшін өзім түсінуім керек қой. Маған да оңай емес, сыртқа білдірмегеніммен ішімнің бәрі алай-дүлей, қыстың қақаған аязында боран соғып тұрғандай. Бәрі ішімде айналып жатыр, санамда шұбалып жатыр, мен сөз таба алмай тұрмын... Үнсіздік, тағы үнсіздік... Менің еш жауап бере алмай тұрғанымды көрген ол:
- Солай де, бәрі бекер де, бәрі жалған де… жақсы, онда сау бол. Егер, саған қиындық туғызсам, кешір... Қош бол. Бірақ бір нәрсені ешқашан ұмытпа, ол менің сені сүйетінім және енді ешқашан ешкімде сені мен сияқты сүйе алмайды, деді де ол кете барды, кетті. Сол сәтте оның көзіндегі мұң менің жүрегіме қадалған найзаның ұшы іспеттес. Жалындаған махабат шіркін, бізді талай жерге дейін апарды. Мұндай балаң сезімді ұмыту да мүмкін емес. Себебі, ол тұңғиық дүние еді, жүректің тереңінде сақталған бір сыр. Мен оның көз жасына қалдым, мен оның сезімін таптадым, мен оның махаббатын аяламадым. Мүмкін сол себепті мен қазір жалғыз шығарымын.... Әй, әй өмір-ай... Неге, бәрі оңай бола салмайды ааа? Неге сонша қинайсың, сынайсың а, сен?
Жақсы, ол сезім өтті. Ал келесімен не болды? келесісі неге менің жарым болмады? Ойлай берсең ой түбіне жете алмайды екенмін. Менің қаншама мүмкіндігім болды, қаншама? Солардың барлығы бола тұра, қалайша мен жалғызбын?.. Кей қыздар өздеріне келіп тұрған мүмкіндікті құр жібермей етектен жабысып кете береді, ал мен өзімде бар қаншама мүмкіндікті босатып отырмын, кей қыздар өздеріне тиесілі емес бақты біреуден тартып алады, ал мен өз бағымды теуіп жібердім...
Оқуымды бітіріп, ауылға келдім. Ия, қалада жастық шағымның төрт жылы бір жанмен өтті. Өкініш... менің, нағыз махаббатқа мас болып, болашақ жарымның етегінен ұстап кетететін уақыттарым өтті. Енді мен жүрекке ғана емес, санама бағынамын, мүмкін шешім қабылдауда басымдылықты мен жүрекке емес, санаға бердім.
Марат. Ия, мен оны сүйдім. Үйленбекші де болдық, тіпті тойға кішігіріп дайындықта басталып, елдің бәрі біздің кездесетініміз, алдағы жоспарымыз туралы білді. Міне, болды менің бағым осы әне-міне тойым болады деп жүргенде, өмір өзені арнасын бұзып, өзгертемін десе әп сәтте ғана екен ғой, арада бір сұм пайда болды. Мұндайды мен кешіре алмайды екенмін. Менің қыздық тәкәппарлығым мені кішірейтпеді, мен оның алдында төмендемедім. Сөйттім де, тағы да алақанымдағы бағымды ұшырдым. Ия, мен оны кемшіліксіз болды демеймін, бірақ, кемшіліксіз адам болмайтынын ескерсек, ол өте жақсы нұсқа еді. (жымиып қана, мысқылмен күліп) «Нұсқа» тағы да есеппен қарап тұрмын... Бүгінде ол отбасын құрды, үйлі-баранды, қарапайым отағасы. Жарайды, бәлкім менің оған шықпағаным да дұрыс болған шығар...
Осылай бірінен соңы бірі басынан өткен махаббат хикаялары қыздың жадына орала берді. Мұндай хикаялар көп қой, әр қайсысы өзінше ерекше, әрқайсысы өз естеліктерін қалдырды. Әрқайсысында өз мүмкіндігін жіберіп алғандай. Кенет Қарашаштың ойына өмірінің тағы бір кезеңі, оның үмітін жаққан бір сезімі оралады...
... Агент. ХХІ ғасыр жастарының кедесу, сырласу, тынысу орны. Бұл жерде кім жоқ дейсің. Бәрі бар, кез-келген жастағы, әр түрлі іспен айналысатын, шындығы да өтірігі де бар бір ғажайып мекен. Жалғыздығыңды жасырып, көңіліңді алдап, уақытыңды өлтіретін бір дүние. Осы бір мекеннен менде бір күні уақытыма белгі, жалғыздығыма алдамшы болар бір жанды кездестірлім. Ол – Асылхан. Алты айдан артық уақыт сөйлесіп жүрдік. Қаншама ортақ дүниелеріміз болды, ортақ армандар мен жоспарлар. Оның сөзідерінің ішінде мен адасып қалғандаймын. ҰҚК де қызмет етемін деді, одан кейін кенеттен көлік апаты, аурухана, жұмыс ауыстыру, оның бизнесі бар, мал шаруашылығы бар, былай қарасаң жүрген бір милллионер. Ал қазір, онымен де араластық тоқтады. Алайда, ол менің санамнан шығар емес. Бұл адамды ұмыту, жоғалту ауыр емес, ең қатты бататыны, оның сыйлаған армандарын жоғалту. Алға қойған қаншама жоспарлар бәрі әп сәтте желмен ұшып кеткен шаңдай болды. Тіпті артынан ізде қалдырмағандай. Бұл армандар менің тірегімдей еді. Мен Асылханды түсінбедім, сірә менің бұл өмірде тани алмаған адамым сол шығар. Ол өзін әр қилы етіп көрсетті, оның нақ бет-бейнесі қандай, оның шынайы жүзі қандай екен. Тіпті мен осы Асылхан деген бір есімнен бірнеше адамды көретіндеймін. Сонда ол кім? Бұл мендегі ең басты сұрақ. Кім бұл Асылхан, шын мәнінде кім болып қызмет етеді, шынында қандай жан, балалар үйінен шыққан жетім бе, ҰҚК қызметкері мен әлде бос қиялмен, жасанды жүрген қарайпайым күзетші ме? Кім? Өскемен ше? Қызғаншақ біреу, мен ұрыс керістен қашамын, ажырасқанымызға әйелім кінәлі дейді. Жалпы ажырасқандардың барлығы әйелдерін кінәлайды, күнә өзімнен дейтін біреуін көрмедім әлі. Телефонмен маған сөз салып, қолымды сұрап жатыр. Қызғаншақтық жаман қасиет, ол отбасының берекесін қашырып, өмірді түнекке айналдырады. Мұндай адам ертен қол жұмсауы да мүмкін. Жоқ, ол маған керек емес. Осы жасқа келгенде енді бір қызғаншаққа шығып, ертен таяқ жеп, қайтып келіп жататын жағдай жоқ. Оның үстіне ол өмірден өз жолын таба алмай жүрген біреу...
Қарашаш, артыңа қарашы, артыңда бақандай 32 жыл қалды. Ал мен осы 32 жылда 3 қадам да жасамағандаймын. Мен босқа өмір сүріп жатқандаймын. Мен кімге керекпін, не ауыз толтырып айтар жеткен жетістік, не аяулы жарым, не сүйікті балапандарым жоқ. Біраз күндерден соң жаңа жыл, артта тағы бір жыл қалды, таңғ бір жыл келе жатыр, ал мен тағы бір жылды бос өткізіп, жасыма тағы бір жас қосамын. Қайран уақыт ау, недеген құдіретті едің, шаныңа іліктірмейсің ғой тіпті. Сен қайда асығып барасың, тоқташы, тоқтай тұршы, асықпашы, мені күтші. Жылдарым мені алдамашы, мені артта қалдырмашы, естеліксіз өтпеші. Қорқамын. Жалғыздықтан қорқамын. Бөлмеде өзім тықылдаған сағаттың үнін ғана естіп отырамын ба қорқамын. Жалғыздық маған серік бола ма деп қорқамын. олай болмаса екен Тәңірім. Жаратқан өзің қолдашы, сенен, болашақтан үмітімді үзбеймін. Мені алда жақсы күндер күтетініне сенемін, үміттенемін. Ғажайып ертегіде ғана емес, өмірде де болатынына сенемін. Менің ғажайыбым әлі алда. Үмітім менің мені алдамашы...
Қарашаш шырмауықтай шырмалған ойдың жетегінде жатып, көзі ілініп кетті.
ІІ. Сезімге куә ақ қар.
Жаңа жыл қарсаңындағы соңғы жұмыс күні еді. Жыл соңында үйіліп қалатын жұмыстардың арқасында Қарашаш жұмыстан жай шықты. Далада ысқырып аяз тұр. Ағасына қоңырау шалып еді, «Аяздан машина оталмай тұр», деді. «Жарайды онда, таксимен жетермін» деп аялдамаға барып еді, қырсыққанда таксиде жоқ екен. Не істерін білмей тұрған еді қасына бір белгісіз көлік тоқтап:
- Қарындас, жеткізіп салайын, деді
- Жоқ, рахмет,
- Қорықпаңыз, күн суық қой, көп тұрып қаласыз.
Жетсем жетіп алайын, басқа амал жоқ, тұра берсем тұра беретін түрім бар оның үстіне күн де аяз деген тоқтамға келіп, Қарашаш көлікке отырды. Көліктің жүргізушісі ірі тұлғалы, әдеміше келген жігіт сөз бастады.
- Қай жерге барамыз?
- Хуторға
- Ммм... кешіріңіз мен бұл жақтан емес едім, жолды айтып отырсаңыз.
- Қызық екенсіз, өзіңіз білмейтін жерде такси болып жүрсіз бе?
- Жоқ, мен таксист емеспін, тек мынандай күн суықта тұрған Сізді көріп жеткізіп салайыншы деп ойладым.
- Рахмет, - деді қыз күлімдеп
- Таныспадық қой, есіміңіз кім болады?
- Қарашаш
- Қуаныштымын, Арман!
- Менде қуаныштымын. Бұл жақтан емеспін дедіңіз, сонда қайдансыз?
- Мен Астанаданмын
- Ааа, мынандай қыста мұнда нендей себеппен келдіңіз?
- Бір досымның тойына келіп едім. Қыста аяқ астынан үйленіп жатыр. Келмеске тағы болмайды.
- Ммм... дұрыс екен.
- Өзіңіз осы жақтансыз ба?
- Ия..
Осындай қызу таныстық әнгіменің үстінде олар үйге де жетіп қалды.
- егер қарсы болмасаңыз, телефон номеріңізді бересіз бе? Жаман ойым жоқ, тек хабарласып, қалыңызды біліп тұрайын деп едім. Жігіт өзіне жарасты әдемі күлкісімен қызға қарады. «Бәлкім, бұл менің сол бағым шығар» деп ойлаған Қарашаш номерін берді.
- рахмет! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!
Санду үйіне ерекше бір сезіммен, көңіліне қуаныш ұялап кірді. Енді ғана шешініп, кешкі асқа жайғаса беріп еді телефоны шырылдады.
- Алло.
- Алло! Қалйсыз?
- Жақсы! Кім бұл?
- Мен ғой Арман!
- Ааа. Қалай жеттіңіз, адасып кетпедіңіз бе біздің ауылда?
- Жоқ, адаспадым, бірақ Сіздің үй жақта бір нәрсемді тастап кеткендеймін
- Ааа, нені?
- Жүрегімді. Жігіт дауысы сабырлы шықты. Қарашаш ақырын ғана өзіне тән нәзік күлкісімен
- Қойыңызшы, айтады екенсіз ау
- Шын айтамын...
Олар телефонмен біраз сөйлесті. Неге екені белгісіз жаңа ғана танысса да екеуінің әңгімесі жарасып кетті, құдды бір көптен бері таниытындар сияқты. Санду кешкі асын ішіп ұйқыға дайындалып жатыр еді, тағы да Арманнан телефон қоңырауы келді. Олар ұзақ сөйлесті. Қызыу әңгімеден уақыттың өтіп жатқаны да сезілмеді.
Келесі күні жұмыстан соң екеуі тағы кездесті. Бұл жолы Арман Қарашашты ресми түрде кездесуге шақырғанды. Бәрі аяқ асытынан және тез болды. Екеуі бірге тамақтанып алған соң, орталық саябаққа барды. Далада аппақ қар жапалақтап жауып тұр. Айнала тұтастай аппақ. Кеше ғана танысқан жандар, ескі таныстардай бірге жүр. Бір көргеннен сүю деген осы болар. Арада сезім оянғаны анық. Арман қасындағы нәзік кішкентай қызды бағына балап тұр. Ал Санду қасындағы осы бір көркем жігіттен өзіне қорған көргенді. Олардың жүректерінде енді ғана бастау алған сезімдеріне үлбіреп жауып тұрған ақ қар куәгер болып тұрғандай. Аппақ айналада, ақ қардың астында қос жүрекке ортақ ақ сезім осылай бастау алды... Бұл - жаңа жылдың ғажайыбы.
(Кейіпкерлердің аттары өзгертілген)