Жасыл дәптердің "қазынасынан"...
*Студенттік өмір - "Махаббат қызық, мол жылдар".
*Жатақхана - "Кішірігім колхоз".
*Сынақ -"40 сұрақ, 40 өтірік".
*Степендия - "Ұзаққа бармайтын қуаныш".
*Бақылау - "100 сомың болғанша, 100 досың болсын".
*4 курс - "Аққан жұлдыз".
*Дипломдық банкет - "Қош бол, достар".
Тағы да авторсыз жүргендері...
*Ақшаны табу-еңбек, жинау-өнер.
*Жеңілсең де әдемі жеңіл.
*Өсек Отаны-той-думан.
*Жоғалған нәрсенің бәрі табылады. Табылмайтын ұят қана.
*Соңғы сөзді ол айтса, бірінші қадамды сен жаса.
*Жұмыссыздың да жұмысы бар.
*Адамзат өз түбіне өзі жетеді.
*Үй салмай тұрып, көршіңді ойла.
*Кез келген махаббат өзінше ғажап, шынайы. Тек ол сезім баста емес, жүректе ғана болсын.
*Шынайы адамгершілік махаббат сезім серілігі мен жүрек қалауын қанағаттандыруға емес, бір-бірінің адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге ғана негізделуге тиіс.
*Психиатр кеңесі: -егер елес көрсеңіз, өзіңізді шымшып көріңіз. Егер елес сонда да көрініп тұрса, онда елестің өзін шымшыңыз.
*Кімге қарап тұрғанын қылидың өзі ғана біледі.
*Махаббат сезіміне адамгершілік қасиеттердің әсер етуін жоққа шығармау қажет. Бірақ бір адамды сүйгенде, оны идея сияқты емес, бар болмысымен, жеке басын сүйеді. Бұл тілмен жеткізуге де, сөзбен атауға да болмастай ерекше сүйіспеншілік.
Н.ғ.: @қаншалықты алысқа самғарымды білмеймін, бірақ әлі де қанатымды қағуымды тоқтатқан емеспін... сүйемін...