Адамның Отаны – Жер
блог
Жер бетінде әртүрлі халықтар бар. Олардың әрқайсысы өз «Отанында» мекендейді. Адамды екі түрге бөліп қарастырар едім. Біріншісі, таңертең тойып алса, түскі асын ойлайтындар. Екіншісі, болашаққа көз жүгіртіп, өзінің ғана емес, халқыныңда тарихына алаңдайтындар. Бірінші топтың адамдары өте көп. Оларға болашақ туралы түсіндірсең ғана ұғынып, кейіннен есінен шығып кетуі мүмкін.
Адам...
Неге әр жерде әр түрлі өмір сүреді? Мысалы, АҚШ-тағы тұрғындардың біршамасы ауқатты, қарны тоқ, уайымы жоқ, Африка елдерінде киер киім, ішер тамақ таппай отыр (әсіресе, Сомали еліндегі болып жатқан оқиғада адамдардың көбісі аштықтан қайтыс болуда. Оның жартысынан көбі балалар). Осы әділеттілікке жата ма? Анам айтушы еді: «Кеңес дәуірі заманында бізде бай мен кедей деген атымен болмаған. Ал қазіргі заманда ше? Байды кедейден бөліп жарып, менсінбей, ақшасы жоқ болса қуып шығады». Бұған не себеп? Кім кінәлі? Мүмкін жастарымыз айтқандай заман талабы солай ма? Әлде адамның өзгеруінен бе?
Біздің жұтатын ауамыз бір (біріқ, қазір ауада ластануда), ал аспан әлемінен алып қарағанда, кішкентай ғана шардың үстінде отырған жоқпыз ба? Сондықтан да біздің Отанымыз Қытай, Жапония, т.б. емес, Адамның Отаны - Жер. Осыншама кішкене Жерде отырып қаншаға бөлініп кеттік. Алақандай жер үшін соғыс болуда. Сондықтан да халықтың барлығы тең дәрежеде өмір сүруі керек. Сонда ғана адам жерді аман сақтап қалады. Барлығымыз да Адам Ата мен Хауа Ананың ұрпағымыз. Айырмашылық тек тіліміз бен дінімізде.
Егер адам болып сүргіміз келмесе тек орыс, қазақ, ағылшын, т.б. бөлініп жүре берейік. Жер үшін таласып, бір-бірімізді қорқытып, бір күні жерден қалай айырылып қалғанымызды да білмей қалмайық.
Барша ұлт өкілдері тең дәрежеде, бейбіт те бақытты, ынтымақтастықпен өмір сүрсе ғана болашағымыздың нұрлы болатынына сенемін. Туған отанымызды, сүйікті жерімізді аялай білейік.
Адамның қаһарынан емес, Алланың қаһарынан қорқайық!
Несібелі СЫРЫМБЕТ