Адамның бір қызығы бала деген

Адамның бір қызығы бала деген
жеке
блог

«Адамның бір қызығы бала деген» 

Абай

 

Қазақ халқы баланың құрсақта пайда болуынан бастап, оның дүниеге келуі, өсіп, ел қатарына қосылуына дейінгі ұлттық әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптастырған. Екі жастың бас қосып, отау тіккеннен кейін тілейтіні – балалы-шағалы болу, артына ұрпақ қалдыру. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу діңгегі. Егер жанған оты сөніп, артында түтінін түтететін тұяқ қалмаса кімге де болса үлкен қайғы қасірет. Сол себептен де атам қазақ «Артымда қарайып ұрпақ қалсын, шаңырағымда шырақ жансын» деп ұрпақ жалғастығына зор мән беріп, баланың ат жалын тартып мінер азамат болуы жолында күш-қайратын аямаған. 


Арнамызда таяуда ғана тұсауы кесілген "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты жаңа жобамыздың кезекті саны "Құрсақ шашу" тойы, Бесік той, Шілдехана дәстүрлеріне арналмақшы.


Сәбидің құрсақтағы жатқан кезінен бастап, дүние есігін ашқаннан бергі дәстүрлеріне арналған бұл бағдарламада әр рәсімнің мәні мен маңыздылығы жайында кеңінен айтылатын болады. 


Ертең, яғни 12 шілдеде СТВ арнасынан сағат 22:20-да жарық көретін  "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламаны тамашалаңыздар! 

Қайталауы: жексенбі күні, 14 шілдеде сағат 19-00

Мұрағат: stv-online.kz

Редактор: Қазына Әбдіғапбар

Продюсер: Ғазиза Ұзақ

Дубляж: Шамшаддин Омаров