Адамның бойына байланысты функционалды мінездеме
блог
Бұл пост бір ғылымға немесе ақиқатқа, дерекке негізделмеген. Жәй ғана, менің жеке тұрғыда сипаттауыма, жеке тұрғыда мінездеуіме сүйенген — пост. Бүгінгі постта адамның бойына байланысты, өспей қалған аласа бойлар (мықыр,қортықтар), өсіп кеткен ұзын бойлар (жирафтар) және орташа бойлылардың мінез-құлықтары қандай болатыны жөнінде жазамын. Менімен келсіпеулеріңізде мүмкін. Өйткені менің дәл сондай деген дәлелім жоқ. Жәй ғана функциональды ой. Сонымен басталды, таяқ жерге тасталды.
Қыздар...
Аласа бойлы қыздар — Прикольчик, достарының арасында белсенді, ұлдармен достық қарым-қатынаста болып, жақсы көтеріңкі көңіл күйде күліп ойнағанды ұнатады.
Орташа бойлы қыздар — Махаббатқа яғни сезімге қатты беріледі. Және де білімге құштарлығы мол, әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Көп сөйлемейді. Бірақ, бір сөйлесе… кетеді…
Ұзын бойлы қыздар — Әдетте ұзын бойлы қыздар сән әлеміне жақын келеді. Әр жыл сайын жаңа сән үлгілері бойынша киінгенді жөн көреді. Олар сезімді ашып айтып, жарияламайды, барлығын іштерінде сақтайды. Сабырлы болады.
ЕНдігі кезек...
Жігіттерде...
Аласа бойлы жігіттер — Пысық, көп сөйлейтін яғни балтун болады. Әзілге біртабан жақын болады. КЕз-келген жерден оңай құтылып кетеді. Сасқалақ, қорқақ болып келеді.
Орташа бойлы жігіттер — Әдемі қыздарды ұнатады. Спортқа жақын болады. Ақылды, көп ойланғыш болып келеді. Бірақ астарлы әзілдерді жөнді айта алмайды, соның кесірінен приколға кіріп кететін кездері болады. Ұялшақ болады.
Ұзын бойлы жігіттер — Интернет әлеміне жақын, кез-келген нәрсені білсем екен деп тұрады. Бірақта олар — қолғалғыш, жыбырлақ болып келеді. Бірақ досқа адал болады. Олар адамдармен жақсы тіл табысады.
П\С: Келіспессіздер, келісерсіздер. Мен ешқандайда қарсы шықпаймын. Өйткені бұл жеке ойым. Құрметті жігіттер, қыздар осы айтылған мінездемеде сіздерге келетін тұстары кездесіп жатса, төменге пікір қалдырыңыздар.