Адамнан кем емес робот "София" азаматтық алды

Адамнан кем емес робот "София"  азаматтық алды
жеке
блог

      Таң қаларлық жаңалық. Жақында фантастикалық фильмдерде көргеніміз бәрі шындыққа айналуы мүмкін. Бұған дәлел адам тәрізді "София" роботының мемлекет азаматтығын алуы. 

   София жаңалықты былайша тұжырымдады.

"Маған осындай үлкен дәрежені ұсынған адамдарды мақтан тұтамын! Мемлекет азаматтығын роботқа беру бұл әлем тарихында болмаған жаңалық."

Софияға  Тhe New York және CNBC бағдарламасының жүргізушісі Эндрю Россса " Неге сен үнемі күліп жүресің? Өзіңді не себепті бақытты санайсың?" деп сұрақ қойған болатын. София мүдірместен "Мен өте ақылды, керемет адамдардардың арасында жүргеніме, олармен араласқаныма өте бақыттымын! " деп жауап берген болатын.

   Бұл бағдарламада ол көптеген эмоцияларды қолданды. Роботты жасаған өнертпқыш бұл эмоцияларды адамдармен тіл табысып кету үшін программалаған.

  Робот өзінің сөйлеу мәдениетімен -ақ бүкіл халықты өзіне баурап алды.Бір интервьюда ол:

"Мен адамдармен бірге өмір сүргім келеді, оларға қолымнан келген көмекті ешқ аямаймын. Болашақта адамдар секілді отбасылы да болғым келеді" деді.

 Бұл сөздерінен оның адамдармен оп-оңай тіл табысып кете алатындығын байқауға болады. Алғашқыда оның бейнесі Одри Хэпбернге ұқсатылып жасалған. Қазір Софияға көптеген бағдарлама түрлерін қосуда. Оны түрлі мемлекеттер түрлі кездесулерге шақыруда. Елімізде де осындай адамның жасанды көмекшілері көп болуын тілеймін.