Адамгершілік туралы ой
блог
Бір күні автобусқа кірсем, қолында алты айға жетер-жетпес баласы бар ана кондукторды бөпесінің бесік арбасын автобустан шығарып беруге сұрады. Кондуктор оны естіді ме, естімеді ме - білмеймін. Бірақ мен көзімді ашып жұмғанымша қасымда болған тоғыз жасар зерек інім әйелге қарай жылдам жүгіріп барып, бесік арбасын шығаруға көмектесе бастады. Оны көрген мен де жай қарап тұра алмадым.
Балалы ана бізге рахметін айтып өз жолымен кетті. Сонда автобусқа қайта кірген соң кондуктор әйелдің айтқан сөзін естідім:
-Кондуктор бесік арбаларды тасу міндетті емес. Мен үшін туған жоқ ол. Менің жұмысым - адамдарды апаратын жерге апару.
Осы сөздері маған арналып айтылмаса да, маған қатты ұнамады. Адамдарға не болып жатыр? Әрине сол кондуктордың еңбек келісімшартында "Балалы аналарға бесік арбасын кіргізіп шығаруға көмектесу керек" деген бабының болмауы мүмкін. Бірақ ата-бабаларымыздан бастап ғасырлар бойы бауырмашыл болып келе жатқан қазағым кәдімгі адамгершілік туралы ұмытып бара жатқанын көргенімде жүрегім сыздайды. Дегенмен, інім сияқты көңілі адалдар бар болғаны дәме береді.
Айтайын дегенім, адамгершілік пен бауырластық туралы кез келген жағдайда ұмытпау керек. Оған қоса бүгін сен біреуге көмектесесің, ертең, кім біледі, өзіңе көмек керек болар. Бұл өмір заңы. Сондықтан адамдардың арасында адам болып өмір сүру қажет.