Адамгершілік туралы
блог
Мұсылмандар бір-біріне мынадай алты нәрсеге қарыз болады: сәлем беруге, шақырса баруға, кеңес сұраса – ақыл айтуға, қайталап сұраса – жауап беруге, ауырса – көңілін сұрауға, өлсе – жерлеуіне қатысуға делінген, хадисте»
Қазақы салтымызда, ұлттық тәрбиемізде де осы алты қарызбен қоса көптеген жақсы қасиетке баулу ата-ана міндеті. Басқаны әңгімелемес бұрын, өз басыма жауап беріп көрсем осы тұрғыда. Кішкентайымнан армандаған, жылдар бойы ойымды ұштастырған мақсатым орындалып, Аллаға шүкір өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Бірақ, арманның да шегі болса, жеткен жерде тоқтап қалатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бұрын, онша жұмысбасты емес кезімде, басқалардың қолым бос емес, уақыт жоқ дегеніне келіспейтін едім. Өзіңнің басыңнан өткергеннен кейін, оған түсінісиікпен қарайды екенсің. Өйткені, апта бойы жұмыс жасап, басқа нәрсеге алаңдамаған адам организмі жан тыныштығын қалап, көп нәрседен өз еркіңмен бас тартып, тек жемалуды ғана ойлайсың. Бірақ, өмір уақыт өлшенетін, тоқтаусыз ағыс екенін ескерсек, әр күні түрлі жаңалықтармен толығып отырады. Жақсысы бар, жайсызы бар аралас. Енді осындай жаңалықтар мен үдерістердің ортасында жүріп, өзіміздің отбасы, ошақ қасында алған тәрбиеміздің ішіндегі қарапайым адамгершілік, бауырмалдық қасиеттрдің өзін шетке ысырып, эгоистік сезімнің жетегіне еріп кететініміз жасырын емес.
Жоғарыда келтірілген хадис сол ұмытқан адамгершілік құндылықтарымызға тағы да бір үңіліп қарауға шақырып тұр. Басқаны қайдам, өзім бейтаныс адамдармен бірінші болып сәлемдесіп, жөн сұрауға шорқақпын. Мұсылманның бірінші болып салемдесуі үлкен сауап екенін, салеміне жауап қайтпаса екі есе сауап жазылатынын бала кезімнен есімде сақталып қалған. Бірақ, оның өзін күнделікті өмірде қолдана бірмейміз. Негізі, адамгершіліктің, үлкен достықтың, адамдардың өзара жақын қарым-қатынас жасауында алғашқы сәлемдесудің маңызы бар екені жоққа шығара алмаймыз. Шақырғанда баруға тырысамын, кеңес сұраса бар ынта-шынтаммен жауап беретінім жасырын емес. Қайталап сұраудың екі жағы бар, білмей сұрау, әдейі сұрау, бұл жағынан екі түрлі жауап қайтарамын. Сонымен бірге қазіргі таңда көп жетіспей жүрген тұсымыз ауырғанда көңілін сұрау. Оның өзінде адамгершілік қағидаларынан аттап, қарым-қатынасты жақындатудың орнына, алыстатып алып жатқан жағдайлар орын алып келеді. Жұмысты сылтауратып, уақыттың жоқтығын алға тартып, баруға көңіл бөлмеу, телефонмен хабарласа салу, әлеуметтік желі арқылы хат алмасу ж/е тб барлығы да, сенің оның жан дүниесіне үңілуден алшақтатып, алыстата түседі. Өз отбасымда жүріп, көре отырып, айтарым, өзгенің баласы түгілі өз бауырларымның жанаашырлық, бауырмалдық сезімін оята алмағаным өзімнің жаныма қатты батты. Іштей егіліп, өксігенмен не пайда, қатал тағдыр өз дегеніне жетті. Аяулы адамымнан айырып кетті. Оның өзі келіп алтыншы қарызға келіп тіреледі. Мұнда да, қоршаған орта кімнің-кім екенін дәлелдеп, айқындап берді. Ешкімге ренжігендей орным жоқ, барша жасаған жақсылықтар алдынан қайтсын, бұл да өмірлік қағидаңда, өзіңе есеп бергенде, жағдайды дұрыс бағамдауға септігін тигізіп отыр.
Адам баласы өмірінде өзінің қабілеті жетпейтін биік белестерге жетуі мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғамдағы ахуалды бағамдап қарасаңыз, айналаңыздағы адамдарға толық баға беруге асықпауды талап етеді. Бастысы адам болып жаратылғаннан кейін, қарапайым адамгершілік қасиеттермен қоса, бар болмысыңды жоғалтып алмау жолын ұмытпауымыз керек. Өткен уақыт қайта келмейтінін осы сәтте сезінген қажет.