«Даналық бейсенбісі» жобасы аясындағы жүздесуге "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ өкілдері– Берик Рахимжанов, Аруана Кеженева және Айгерим Султанбекова қатысты.
Пайдалы ақпаратқа толы кездесуде оқушылар спикерлердің ғарыштық мониторинг, отандық ғалымдардың жетістігі, цифрлық технология салалары және қазіргі заманғы ғылымның басқа да өзекті бағыттары тақырыбындағы қызықты әңгімесін тыңдады.
Кездесу сұрақсыз болмады. Оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтар әр алуан. Нағыз мамандарға қойып, толымды жауаптарын да алды.
Сондай-ақ, кездесуден соң 11А сынып оқушысы Дармен Меллат бірсатылы оқ-дәрілі зымырынды мектеп алаңында көкке ұшырды. Айрықша шара мектебімізде алғаш рет өтіп отыр.
Жас зымыраншы алдағы уақытта «Зымыраншылар» үйірмесін ашуды қолға алмақ.