Қазақ қашанда «сабыр түбі сары алтын» деген, қандай жағдай болмасын акылмен, төзімділікпен әліптің артын баққан елміз. Күрделі мәселеге тап болып, күрмеуі шешілмей жаьқан жағдайда да адам өзін шыдамды әрі сабырлы қалыпта ұстай білуі қажет. Себебі, ондай жағдайда алғашқы сөз, әлбетте, ашумен айтылады. Ал ашумен айтылған сөздің артында өмірлік өкініш тұрады. Сондықтан, әрбір адам отбасын сақтауда, басына қандай да бір сынақ пен қиыншылық түскенде және елдің, ұлттың, мемлекеттің тағдырына ұстамдылыкпен, жан-жақтылықпен, байыппен қарау керек.
Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамда бүгін отау құрып, ертең ажырасып жатқан жастар қарасы көбейіп кетті. Неге? Себебі көпшілігінде отбасында туындаған мәселеге сабырмен қарау, ақылға салу жоктың қасы. Адам кейде нәпсі мен шайтанның азғыруына еріп, түймедей түсініспеушіліктен түйедей мәселені өзі жасап алғанын байқамай да қалады. Кей адамдар «отбасында кездескен барлық қиындықты осы уақытқа дейін ішімде сақтап сабырлылықпен шыдап жүрдім» деп ойлауы мүмкін. Бірақ шындығында, ол сабырлылық сақтап жүрген жоқ. Соңында ажырасып кетеді. Соның салдарынан ана жалғыз басты, бала тірі жетім атанып жатыр. Ал бұл ата-анаға ғана емес, тұтас ұлтқа абырой әпермейтін касіретті жағдай. Бірақ, ақыл мен сабырға емес, ашуға ерік бергендіктен мұны ойлап жататын бірі жоқ. Адам өзінің ешқашан бірқалыпты жағдайда тұрмайтынын естен шығармау керек. Кейде аспандағы айға қолы жеткендей қуанып, шаттанса, күндері күллі әлемді қараңғылық басқандай күй кешеді. Мұндай жағдайда, әсіресе, өмірдің қиындығын көрмеген, буыны қатпаған жастар шарасыздық танытып жатады. Расында, Құранда айтылғандай, «пенде – әлсіз жаратылыс». Сол себепті, адамзат баласы әрдайым үмітпен ғұмыр кешеді. Қандай ауыр жағдайда да, адамның кеудесінен үміт отының өшпеуі, ең алдымен сол сабырға байланысты. Қанағат та, ынсап та сабырдан тірек табады. Сондықтан, қазақ халқы «сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятка» деп, сабырды барлық үлгілі философиялық пайымдауларда нақты айтқан.
«Екінші ұстаз» атанған энциклопедист - ойшыл Әбу Насыр әл - Фарабидің зерделі мұрасы мен мирасы бүгінгі таңның өзекті мәселелерін шешуге өз септігін тигізіп, ойымызға ой қосып тұрса оның өміршеңдігі емес пе!
қажетсініп , сол Ойшыл еңбектерінің қаншама дәуірлер өтсе де маңыздылығын жоғалтпай келе жатқандығы, ондағы ойлардың даналығында, тереңдігінде болса керек. Жалпы алғанда тарихтың елегінен өткен философиялық ойлар ешқашан да ескірген емес, ондағы жинақталған дана ойлар біздің санамызға ой салып, соны көзқарастардың қалыптасуына ықпал етеді. Әл-Фараби шығармалары осындай өрісі кең, өресі биік еңбектер санатына жатады. Философиядағы тарихи сабақтастық өз жалғасын таба береді.
ҚазҰУ-дың 1-курс магистранты Байбосынова Мадина Саятқызы
Профессор , доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы