Адамға не қымбат?

Адамға не қымбат?
жеке
блог

Өміріміз үшін қымбат нәрселер аз емес. Солардың ішіндегі ерекшелері қайсы?

            Бұл тұрғыда, жасы ұлғайған, кәрілікке жеткен адамдардың сөздерінінен біраз тәлім алуға болады.

Уақыт машинасы тетігін тізгіндеуге мүмкіндік берілсе, нені өзгертер едіңіз деген сауалға, көпшілігі уақытымды тиімдірек пайдаланар едім дегенді айтады.

            Адамның басқа тіршілік иесінен айырмасы ақылында екені даусыз. Ендеше, өмірдегі болып жатқан құбылыстар мен басқа адамдардың өмірі, тағдыры бізге сабақ болуы керек. Ал мұның өз кезегінде, өзіміздің көп жетістікке жетуде қыруар пайдасы бар. Әйтпесе, ақылымызды жұмсамау тек өз зиянымызға ғана.

            Адамдардың басым көпшілігі өз ғұмырына пайдалы әрекеттермен қоса, мүлдем керексіз, пайдасыз істермен де шұғылданады. Бұл өмір шексіз емес ғой.

            Бір ғалым былай түсіндіреді:

Айталық, адам орта есеппен 70 жыл өмір сүреді десек, оның 7 жылы балалықпен өтеді, 11 жылын орта мектепке, ал 4 жылын жоғарғы оқу орнына кетеді(басым бөлігі) .

Ендеше,

70 – (7+11+4)  =  70-22 = 48 жыл;

Әрі қарай, адамның шамамен әр күнінің 8 сағаты ұйқыға кетсе, онда нәтиженің тағы 1/3 бөлігін шегереміз. Сонымен

48 - (48/3)  = 48 – 16 = 32 жыл;

Тағы, әр күнгі тамақтануға орташа 1,5 сағат уақыт кетеді, яғни 32 жылда

32*(1,5/24) = 2 жыл

32 - 2 = 30 жыл

Ал егер, тұрақты жұмыс немесе қызмет істесе, күніне тағы шамамен 8 сағаттық 5 күндік жұмыс тәртібімен жылына 77 күніңіз таза жұмысқа кетеді. Және 60 жастан кейінгі зейнеткерлікті есепке алмасақ, онда

30-4 = 26 жыл,

мұнда шамамен 4 жыл жұмысқа кетер уақыт.

Сонымен, адамның басқа тірліктері мен шаруаларына 26 жыл ғана уақыты қалады.

Байқағандай, уақытты ысырап етпеу керек, ендеше алға қойған мақсатымызды бағындыру немесе жетістікке жету үшін күн тәртібін жасап, жазып қоюымыз ауадай қажет екен.