Адамдық негізі-Абай

Адамдық негізі-Абай
жеке
блог

Еміреніп айтса да,тебіреніп айтса да,мансабы жоғары,өресі кең, несібесі аса мол кеу анадай кең құшақты қазақ даласының төскейінде жарық дүние есігін ашқан ғұлама ақын Абай Құнанбайұлы нағыз адамдықтың,шыншылдықтықтың айнымас тұлғасы.Қазақтың мұңын мұңдап,жоғын жоқтаған әділдік атаулысының жанашыры Абай атамыздың қылған қаракеттері,әбіретке толы даналығы халық жадында мәңгі есте қалары анық.Халқымыздың рухани байлығы, тұрмыс-тіршілігі мен күнделікті өмір дағдысы,салт-санасы өрекшіп, өрбелең сәттермен бетпе-бет келген тұстарда,қарапайым халық жағдайын өлең шумақтары арқылы жеткізе білген.Сонау нелер ықлым заманда бай болыстар,кексе мінез билердің қарапайым жұртшылық қауымына көрсеткен қыңыр мінездерін,халық зарын қайыспас қайсарлықпен жеткізген.Жасыра бүркеп,асыра сілтеушіліктен бойын бір қадам болса да алшақ ұстайтын ақынның азан шақырып қойған есімі Ибраһим болатын болса,халық сыйлаған мәртебелі екінші есімі шынайылық,адамгершілік яки адам деген үлкен ұғымға саяды.

Әуелде адам ұғымы Құдай Тағала жаратқан кіршіксіз таза, айналасындағылардың баршасына адалдық,адамдық көзқараспен қарай білетін бейне іспеттес болатын болса,Абай да өзінің елі үшін құтқарушы,азаттықтың шырмауланған шынжырынан босатушы елдің шын жанашыры бейнесіндегі азамат болатын .Абай заманы-Исатай, Махамбеттердің жыр қып аңсап,ер боп қорғап қалған заманы. Шапырашты Қарасай,Қанжығалы Бөгенбай,Есет,Әйтей,Қабанбай сынды нар тұлғасына ел тамсанар,ерлігіне айыз қанған ,рухшылдығына көз тоймаған батыр бабаларымыздың кешіп өткен жолы,жусан аңқыған көк майсалы көгі бар заман.

Абай Құнанбайұлы кешкен дәуірде таңдай қаққызарлық,назар аудартарлық өрескел жайыттар мен дүрбелең тудырар уақиғалар көптеп кездеседі.Әйгілі Қодар әңгімесі,елге зомбылық істерімен танылған Сүйіндік,Бөжейлердің,Бөкенші,Борсақтардың сөз етер қылықтары Абай жырларына кәдуіскідей арқау болып тұлға ретінде танылуына үлкен себепші болды.Абай ел ішіне күрескер ақын,шындықты ғана жырлайтын жыршы есебінде көзге түсіп,даңқы ел ішіне таныла бастады.Қазіргі таңда біз, келешек ұрпақ Абай атамыздың жыр өлеңдерімен қоса,қара сөздерінен,өнегеге толы әңгімелерінен сыр шертіп келеміз.Абай Құнанбайұлының 45 қара сөздерінің әрбіреуі санаға 45 түрлі тағылымды ой түйгізеді. Абай атамыз әрбір сөзінде еңбекқорлық,тазалық,ілім-білімге құштарлықты аса бір пәктікпен тебіреніп,сүйсіне сөз етеді.Ал,сол ең ізгі,ең игі,ең парасатты,ең сезімді ұлы қасиеттердің құзар шыңында тұрғаны ол-адамгершілік.Осы тұста әйгілі жазушы,қадірменді тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов атамыздың Абай турасындағы жүректен ақтарылған сөздерін қаламыма серік етсем: «Абай-өз заманының озық ойлы,творчестволық ой шыңының асқақ биігіндегі азаматы.Абай сынды дара,дана тұлғалар тасты жарғандай,бір ғасырда бір рет қана дүниеге келеді.Абай күннің шапақты нұры секілді.Ол өзімен қоса айналасындағы қоршаған ортасын,жарықтандырып жүреді».

Ғасырлар тоғысында,қалтарыста жатқан қазына,қоржын ішіндегі сыбаға сынды шөлдегенде сусын,шалдыққанда дем болатын Абай сөздері мен ерең еңбектері дүйім жұрттың Абайды мадақтап, оны адамдықтың нышаны етуіне себеп болған.

Біз болашағынан үміт күттірер,өрелі,өскелең ұрпақ Абай салған ізбенен, шамшырағымыз сөнбей елімен бірге ет жүрегі елжіреп,жері үшін талай ерлік қарекеттерге дайын азамат болып бой түзеуіміз керек.Абай Құнанбайұлы атамыз мұра еткен еңбек,ақыл,терең ой,парасаттылық пен ең негізгісі адамдық қасиеттен айырылмау қажеттігін ескергеніміз абзал.Адам болып келген соң,бұл ғаламға,адам болып кетуден асқан биік арман жоқ шығар,сірә.Халық атын арқалаған,елі үшін сан ғасырда бір рет туатын,қайыспас қайсар ер,салмақты тұлға Абай атамыздай болуға әдеттену-біз үшін межелі мұрат, биік мақсат болмақ.