Жанымды түсінер, жан қайда? Бір апта іздеп, жүз адамның ішінен таптым сені! - депті 46 жастағы бір ағасы маған жазған хатында. Ешкім білмеген жанымды сіз сездіңіз, менің жаным жылдар бойы қиналуда еді, енді сізбен сөйлесіп тұрсам болама?- деген өтініш жазыпты, ойланып қалдым. Мен Оңтүстікте, ол Батыста... Жасымыз да алшақ... Алдымда білдей заңгер мен болсам қарапайым адаммын.. Осыдан бір жыл алдын, осы желіде бір адаммен танысқанмын, қатты науқас еді, өмірден көп түңілетін... Оған барынша демеу болып, оның қызығушылықтарына менде қызығып, ауруды жеңетініне сенімді болуын айтып отыратынмын. Кейде ол ауру екенін ұмытып менімен айтысып кететін))))) Сонда ол да Жанымды түсінетін адам болмаған дейтін. Қазір ол жазылып, армандарын орындау үшін белсеніп жүр))) Ойлап қарасам, мұндай оқиғалар басымнан көп өтіпті, осы екеуінің өзі-ақ, адамда ЖАН деген өте нәзік, ашылмаған, ешкім түсіне бермейтін, бір тіршілік лүпілі болатынын көрсететін сияқты. Адамдар өмірде, қанша жақтама толыққанды қамтамасыз етілген болсада, сол лүпілді еститін, түсінетін лүпіл иесін іздейді екен. Жандарың тоқ болсыншы адамдар, бір - біріміздің лүпілімізді естуді, түсінуді үйренейік дегім келеді....