Адамдарды біріктіретін ұлы күш – футбол!

Адамдарды біріктіретін ұлы күш – футбол!
жеке
блог

 Расы керек бүгінгі таңда жанкүйерлердің ең көп тамашалайтын спорт түрі бұл футбол. Мен де футболды көргенді өте ұнатамын. Футболды тамашалауды 2002 жылғы Әлем біріншілігінен бастағанмын. Сол кездегі Роналду мен Ривалдо, Оливер Кан мен Михаэл Баллактың ойынын күн демей түн демей тамашалайтынмын.

Қазірде футбол болып жатса, ішкен асымды тастап теледидарға телміре кетемін. Ең сүйікті командам «Челси». Ақсүйектердің ойынын 2002 жылы ресейлік бай-патша Роман Абрамович келгеннен бастап қарап келемін. Жеңілсе көңіл күйім кәдімгідей түсіп кетеді. Жеңсе, жеңсе енді белгілі гой, пендешілікке салынып, марқайып кетесің. 2002 жылдан бері «Челсидің» сапында Эспер Грокьяер, Джимми Флойд Хасселбайнк, Дамэн Дафф, Джо Коул, Аррен Роббен, Дидье Дрогба сынды марғасқалар ойнаса, бүгінде Торрес, Мата, Азар, Асқар (Оскарды өзім Асқар деймін), Марко Марин бастысы Джон Терри мен Фрэнк Лэмпарда өрге сүйреп келеді.

Кеше Клубтар арасындағы әлем чемионатын тамашалаған шығарсыздар! Сол ойынды көріп жатып, көңіл-күйім мүлде түсіп кетті. Себебі, «Челси» жеңіліп қалды ғой. Тағы бір айта кетеін жәйт, жақында «Челсидің» тізгігін Рафа Бенитес ұстады ғой. Менімше, бұл маман ақсүйектердің қатарында көп болмайды. Себері Абрамовичтің басты көздегені, Пеп Гвардиоланы шақырту ғой. Ерте ме, кеш пе испандық маман келетініне сенемін.

Жалпы Массагетте футбол сүйетін адамдар көп екен. Жоғарыда айтып өткендей «Адамдарды біріктіретін ұлы күш – футбол! ». Порталдағы спортсүйер қауым, танысайық, дос болайық. Сіздерде өздеріңіздің сүйікті командаңыз туралы аз-кем жазып жіберсеніздер деген ұсыныс бар!