Адамдар сені сол қалпыңда жақсы көрсе де, жақсы жағынан өзгеруді еш ұмытпа!!!

Адамдар сені сол қалпыңда жақсы көрсе де,  жақсы жағынан өзгеруді еш  ұмытпа!!!
жеке
блог

Адамдар сені сол қалпыңда жақсы көрсе де,  жақсы жағынан өзгеруді еш  ұмытпа!!!

 

       Иә,  расында адам психологиясы жайлы қаншама еңбектер, жинақтар, кітаптар жазылды десеңізші,  соның ішінде адамның тұлғалық қасиеттеріне үлкен мән берілген, яғни адамның өзін өзі тануы, рухани ізденістеріне, ішкі жан дүниесіне үңіле зер сала зерттелген. Адамның өзін өзі тануы оңай дүние емес, «Өзіңді өзіҢ таны» деп Сократ ұран тастады,  «өзіңді өзің жатқа біл, жат жаныңа түңілсін» деген даналық сөзі де жат емес.             Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен: 

      1.  Өзіңді таны – Сократ.

      Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.

        2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

        3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.

Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

       4 . Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.

         Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір дүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.

         5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест.

         Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!

         6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.

         Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

         7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.

         Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

         8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю.

         Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.

         9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.

         Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.

         10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн.

       Қалай болғанда да, адамзаттың бар тіршілік ғұмыры өмірдің сырын ұға білуінде, Бастысы Шүкір етуді ұмытпау керек!!!