Адамдар неге ашуланшақ болып кеткен?
блог
Адамдар неге ашуланшақ болып кеткен?
Болмашыға ашулану, көбіне күйзелісте жүру – қазіргі заман адамдарына әбден сіңген қасиетке айналып барады. Олай дейтініміз, құдайдың құтты күні қоғамдық орындарда керілдесіп жатқандарға көзіміз үйреніп кетті.Адамдар неге ашуланшақ болып кеткен ?
Әсіресе базардағы саудагерлер долданып тұрады.Тауардың бағасын сұрасаңыз бір сөз, ұнатпасаңыз екі сөз, қарсы жауап қайтарсаңыз он сөз естисіз.Қытай халқында «Жымия білмесең саудагер болма »,- деген жақсы сөз бар. Қысық көзді көршілеріміз сонау тарих қойнауына үңілсеңіз түркі халқын күлімдеп, қатты сөйлемей қолға түсірген еді.Яғни олар күлімсіреп, сыпайы болуды өз пайдаларына жарата білген.
Ал көптеген ғалымдар ашуланудың ағзаға қаншалықты зиян екенін зерттеулерімен дәлелдеп жатыр.Жарты сағат ашулану денедегі жарақаттың жазылуын бір күнге кешуілдетеді екен. Өткен жазда кітапханаға барып , кітапқа қалай тапсырыс беруді сұрағанымда «неге инструкцияны оқымайсың ?»,- деген сөзге қапа болдым. Мен басқа емес сол жерде кеңес беруші болып тұрған қыздан сұрадым. Келушілерге сыпайылық танытып , өтініштерін орындау міндеті болса да , жұмысына дұрыс жауапкершілікпен қарамай тұрғанына таңым бар.
Бәлкім заман өзгерген сайын адам басына түсетін қиыншылықтардың, мәселелердің көбеюінен шығар.Бұған экологиялық жағдайдың өзгеруі де елеулі үлес қосып жатқаны белгілі. Заман өзгерсе де , табиғат өзгерсе де Алланың адамға берген табиғи қасиеті, адамшылығы өзгермесе екен. Түймедейге ашуланып, өзіңіздің де ,өзгенің де көңіл- күйін бұзғанша кез- келген мәселеге кеп тірелгенде ашуға емес , ақылға ерік бергеніңіз дұрыс болар еді.