Адамдар жүр
жеке
блог
блог
Адамдар жүр...
Адамдар жүр бұл күнде ыржаң-ыржаң,
Сол баяғы бітпейтін өсек-аяң.
Беттің арын ақшаға қылған құрбан,
Шын тұлпардан озып жүр есек аяң.
Толып жүр кеудесіне нан піскендер,
Өздеріндей аласаны биік дейді.
Төрге озып ұялмай қанды ішкендер,
Өрге сүйреп өз басын күйттейді.
Адасып бара жатыр бүтін керуен,
Біреулер тастап отыр көз қиығын.
Аузы қисық кісілер бұтын керген,
Шыбын құсап таппай жүр өз биігін.
22.04.14.