АДАМ ҮШІН ЕҢ МАҢЫЗДЫ...

Сәлеметсіздер ме? Мен қайтып оралдым көпке дейін интернеттің ауылынан алыстап кеттім. Бірақ сағынып, сабылып қайта келдім "Массагетке". Алты айдың ішінде не өзгермеген десеңші... Ия, "массагет" біраз өзгеріпті! Жарайды тақырыпты бұрмайын! 

Сонымен, бүгінгі қозғағалы жатқан тақырыбым: адам үшін ең  маңызды нәрселер! Ия бәрі ойлайды ең маңыздысы: денсаулық! Оның не талқылайтыны бар деп? Бірақ, мен үшін, олай емес. Мен үшін ең маңызды әуелі сәттілік! Бір ойшыл(кім екені есте қалмады))):"адамға сәттілік тілеңіздер, өйткені, "титаник" кемесінде адамдар бай және денсаулығы мықты болып барады. Бірақ тек сәті түскендер ғана аман қалады" деп жазған. Бірақ сәттілік бәріне бұйырмаған! Неге олай? Жоқ! Сәттілік бәрінде де болады.Тек адамдар оның қалай келіп, қалай кетіп қалғанын білмей қалады. Адамдар күліп, өміріне мәз болып жүру керек. Сонда ғана сәттілік өз жолын тауып саған келеді! 

Содан соң әрине "денсаулық". Оны бәріміз білеміз. Денсаулық болып, жаның сау жүрсе бәрін, бәрін, бәрін істей аласың.

Ал ендігі кезекте мен үшін: отбасым. Дос та емес, бір күні сатып кетер. Байлық емес, түбіме жетер. Отбасы! Ешқашан сатпайтын, тастамайтын тек маған қамқор болатын...

Сондықтан да адам осы үш нәрсені ешқашан, ешқашан, ешқашан жоғалтып алмау керек. Ал жоғалтып алса, ол үлкен құндылықтардың бірінен айрылды...

 



Бөлісу: