Адам техника үшін емес, техника адам үшін жасалды...

Уақыт өте келе тұрғындардың көпшілігі телефонға тәуелділік ауруымен ауырады. Олар қайта-қайта жаңа хат келген-келмегендігін тексеріп отырады, жалған вибрация дыбысын естиді және де әңгімеге зейін қоя алмайды. Зерттеушілердің тәжірибесі бойынша адамдардың 25 %-ы ұялы телефонды түскі ас кезінде немесе қонақтық жерде қолданады екен, 70 %-ы ұйқыдан тұрған бойда қолдарына ұялы телефонды алады,  ал 51 %-ы еңбектік демалыс кезінде ұялы телефондарын тексере береді. Бұл үрей сезімін арттырып, депрессияға шалдықтырады. Ұялы телефонға деген тәуелдігімізді қалай азайтуға болатындығын оқығанмын, сіздерге көмегі тиіп қалар деген оймен айтып өткім келіп отыр.

1.Артық заттарды өшіріңіз.

Ұялы телефоныңызды тексере беруге итеретін мобильді қосымшаларды өшіріп тастаңыз. Facebook немесе Instagram әлеуметтік желілерінде күніне қанша уақыт отыратыныңызды есептеп көріңіз, оның сізге қажеттілігі туралы ойланып көріңіз, мүмкін керек емес шығар. Бірдеңе сатып алуға арналған мобильді қосымшаларды да өшіргеніңіз жөн болар, себебі жоспарланбаған сауда жасап қалуыңыз мүмкін.

2.Оны ұстамаңыз.

Рөлде отырып, хат жазбаңыз. Бұл тек тәуелділіктен арылуға ғана емес, сонымен қатар жол қауіпсіздігін сақтауға көмектесетіндігін ұмытпаңыз. Қолыңызды қалтаңызға салып жүріңіз. Кезекте тұрсаңыз, уақытты азайту үшін ұялы телефоныңызды алмаңыз. Сонымен қатар, үйде немесе еңбектік демалыс уақытында ұялы телефоныңызды тексере бермеңіз, бұл сізге жұмыстан кейінгі шаршағаныңызды басуға кедергі келтіреді. Спортпен айналысуға немесе серуендеуге шықсаңыз, ұялы телефоныңызды үйде қалдырып кетіңіз.

3.Нұсқаманы орындаңыз.

Мысалы, жиналыста немесе ұшақпен ұшу кезінде телефоныңызды өшіруін сұраса, дыбыссыз немесе ұшақ режиміне қоймаңыз, өшіріңіз. Ұялы телефоннан фильм қарау немесе кітап оқу сізді шаршатып жіберетіндігі есіңізде болсын.

4.Қолдану уақытын шектеңіз.

 Достарыңызбен немесе басқа да кездесуде болсаңыз, ұялы телефонды 90 минутта бір рет қана тексеретіндей ереже қойыңыз. Бастапқыда оңай болмайды, бірақ уақыт өте келе қарым-қатынасыңыздың сапасы өскендігін байқайсыз. Америкада кейбір мейрамханаларда кешкі ас уақытында өз ұялы телефондарын мейрамхананың сақтау бөлмесіне берген адамдарға төлем кезінде жеңілдік болады екен. Зерттеулер нәтижесінде телефондарды өте көп қолдану қызмет көрсету сапасы азаяды екен.

5.Оятқыш сатып алыңыз.

Әрбір таңда ұялы телефонды қолдану телефондағы оятқышты сөндіруден басталады. Оятқыш сатып алу сіздің таңертеңнен бастап интернет әлеміне батуыңызға себепші болмайды. Ғалымдар ұялы телефонды ұйықтар алдында қолдануға қарсы. Кешкісін сөндіріп, жақындарыңыз бен достарыңызға алтын уақытыңызды бөлуге тырысып көріңіз.

Осы айтылған кеңестер көмек бермесе, эксперттер қарапайым батырмалы телефон алуға кеңес береді. Жоғарыда айтылған кеңестер тек ұялы телефондарға емес, планшеттер, ноутбуктерге де байланысты.

"Алашұлы" тобының "Угәй" әніне түсірілген бейнебаянын көріп, өзіміздің іс-әрекетімізге бір ойлансақ екен деймін.



Бөлісу: