Психика адамдарға да, жануарларға да тән әрекетболғанымен, олардың сапа мен сан жағынан көп айырмашалықтары бар. Өзіміз білетіндей адам баласының жануарлардан басты айырмашылығы ол- біздің ой-санамызбен қажеттіліктеріміздің әртүрлілігі. Жануарлардың қажеттілігі қорек тауып, күнін көру болса, адам баласының қажеттілігі тек қана күн көрумен шектелмей, басқа да әлеуметтік қажеттілікпен байланысады. Мысалы: оқу оқу, жұмыс жасау, шығармашылықпен айналысу сияқты қажеттіліктер адам баласының қоғамдағы әрекетіне әсер етеді.
Психика-адам миының жоғарғы сатысында орналасқан ерекше материя. Адам баласының психикасы- ішкі сезім мен көңіл- күйдің рухани бірлестігі. Бұл бірлестік біздің күнделікті қимыл-әрекет, ойлау, сезіну, қабылдау, шешу, түйсіну, елестету сияқты барлық факторларға ықпал етеді. Сонда миға сигнал беру арқылы адам баласы қозғалысқа түседі. Адамның әр әрекетін реттейтін, қоғамдық ортаға бейімдейтін құрылым сананың негізін құрайды. Ол психиканы біріктіруші ең жоғарғы форма. Сана қоршаған орта білімдерінің жиынтық бірлігі, адам баласы өзін тануға, ортадағы орнын білуге, яғни, психика әрекетін өзіне бұруға қабілетті. Сонда психиканың сапалы дамуы санағабайланысты. Сана қоғам тұрмысының өзгеруімен өзгеріп отырады.
Менің ойымша біздің іс-әрекетіміздің қозғаушы күші қажеттілік (мұқтаждық). Адам организмінің бір қажеттілігіне қанағаттанып, оның орнына басқа қажеттіліктің пайда болуы- өмір сүруіне,әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Әрбір уақытта қандай болмасын бір қажеттілік басым болады, ал қалғандары оған бағынып, соған байланысты болады. Ол қанағаттандыру әрекеті деп аталады. Бірақ нақты адам баласының әрекетіне психика- ішкі сезім мен ішкі әлем ықпалетеді. Өз ойымнан мысал келтіретін болсам: дүние есігін ашып, ес білгенге дейін біз өз қажеттілігімізді білмейміз. Мектеп табалдырығын аттап, білім алу барысында біздің ой-санамыз, психикамыз, қажеттілігіміз бірталай өзгереді. Мектеп табалдырықтарында барлығымыздың қажеттілігіміз білім алып, саналы азамат болып, керекті маман иесі атану. Бұның барлығы қанағаттану әрекеті. Ал бұл әрекеттер жоғарыда айтып кеткендей психиканың ықпалы.
Психика мінез-құлыққа да тікелей байланысты. Мінез-құлық адамды сыртқы ортамен байланысуына, қажеттілігін қанағаттандыруға, қысқаша айтқанда бүкіл тыныс-тіршілігіне ықпал етеді . Мінездің қалыптасуы тұқым қуалаушылық реакция мен әдет, дағдының өмір тәжірибесінің жинақталуынан тұрады деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, біздің қоғамдағы орнымыз бен іс-әрекетіміз, қимылымыз, қиялымыз бен ішкі әлеміміз, инстинкт пен интеллектуаымыз,махаббат секілді сезімдеріміз, ұйқыдан тұрып, ұйықтайтын уақытқа дейінгі әрекетіміз, тіпті түнде көретін түстеріміз де психикаға тікелей байланысты.