Адам өмірді не үшін сүреді?

  Өмір атты теңізде жүзу әркімнің маңдайына берілмесе керек. Тағдырыңа жазылса, барынша әдемі кешуге талпынасың. Уақытыңды үнемдеуге, соншалық тиімді пайдалануға тырысасың. Әйтеуір, тыпыршып жатқан тынымсыз тіршілік... Міне, осы тіршіліктің қайнап жатқанымен өмір қызықты. Жалғасып жатқан өмірде бір дәрежеге жетсем дейді. Ел қатарлы ғұмыр кешіп, биік шыңға шықсам дейді. Осылай тынымсыз тіршілікте бос әуремен, құр жұмыспен кететіндір де бар. Бар ойы- ертеңгі күнім, мал-жан, нәпақасы болып өткендерде қаншама?! Бірақ не үшін өмір сүріп жүргендерін біле ме? Жоқ, әрине! Тіпті, өмірдің өзі зерттелмеген сыр! Тұнған ғажайып сыр. Бізге ғұмыр бір-ақ рет беріледі. Сол жалған өмірге неге келгенін адам сезініп, біледі ме?!     Оның бір ғана жауабы бар: Адам бір рет қана дүниеге келмейді. Себебі, оның жаны мәңгілік. Ол бір тәннен екінші тәнге қонады. Оның қалауы- өмірдің не екенін білу, өзінің не екенін сезіну. Адамға атақ-абырой, ынсап, ештеңе әкелмейді. Егер ол өз кемелінденген шағына жетпесе. Түптің түбінде жан тыныштығына адам рухани байлығымен жетеді. Оның өзіне үлкен сараптаумен, толғаныспен, тар жол тайғақ кешумен жетеді. Жаңа туылған нәрестенің шыр етіп дүниеге келгенде ешнәрсені біліп болмайтынындай, егде жастағы адам да қанша жылдарды артқа тастап, өз шыңына көтеріледі. Кеудесінде жаны бар тіршілік иесінің, саналы жанның жүрегіндегі тыныштық оның нағыз тұрақтанған, толысқан кезі. Тек адам оның мәнісін кеш түсініп жатады. Айтқандай, жан тек тәннің ғана емес, ақыл-ойдың да басшысы. Себебі адам бір нәрсені шын жүрегімен, жанымен қалайды. Міне, сол шын жүрегімен қалағанда, өз биігіне жеткенде ғана адам артына із қалдырады. Артында қалған ұрпағының ойына кем де болса, бір ізгі ой, аталы сөз қалдырса, оның өлмегені. Адам істеген ісімен, айтқан сөзімен мәңгі есте қалады. Ол мейлі жақсы болсын, жаман болсын. Бұл сөз адамның өз өміріне де, кейінгі буын өміріне де аса қажет мұра. Сол сияқты өміріңнің қызықты да, мәнді өтуі өзіңнің іс-әрекетіңе, жақсы сөздеріңе байланысты екен!

 



Бөлісу: