Адам мінез-құлқы

Адам мінез-құлқы
жеке
блог

Адамдардың "нашары" болмайды, тек олардың жағымсыз мінездері оларды сондай етіп көрсетеді. Кей адамдарды бір көргеннен, онымен сырласып, жақын тартқын келеді. Себебі, олардың бойында баурап аларлыктай қасиеті кездеседі. Және олар сол қалпынан тайғанын көрмейсің. Тағы бір адамдармен жақындасу үшін біраз уақыт керек. Ол мінездің жамандығы емес, тек ол адамның адамдарға үйренісіп кетуі баяу дер едім. Бұл адамдармен алғашында, араласу мүмкін еместей боп көрінгенмен, кейіннен, жақын сырласа келе оның ашық-жарқын мінезін байқауыңыз әбден мүмкін. Тағы бір адамдар алғашында, жайдары, ақкөңіл болып көрінгенімен, кейін келе, оның мүлде басқа адам екенін байқауға болады. Неге олай??..

Менің ойымша ол адамдар көбіне, мейірім мен міндетті, қырсықтық пен бірбеткейлікті шатастыратындай көрінеді. Осындай адамдардың бойындағы қырсықтықка тоқтала кетсем деймйн. Оның жақсы жақтары бар шығар. Бірақ, сол қасиеттің жақсылық әкелген естімемпін... 

Әрине, әр пенденің өз мені болатыны анық. Ол адамның жақсы болып қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, өз "менімізді дұрыс жолға қоя білейік... Нашар қасиеттерден, мінез-құлықтардан, әдеттерден аулақ болайық....!&