Адам мен табиғат байланысты ма?

Адам мен табиғатты байланыстыратын ерекше құбылыс бар. Ал бұл құбылыста біз теңбіз бе? Яғни, қоршаған ортаның бізге берері мол, ал біз табиғатқа қандай жақсылық жасай аламыз? Адам мен табиғатты байланыстыратын мәселе-қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе деп алуға болады. Табиғат-біз өмір сүретін орта. Біз одан мұнай, газ, ауа, кен және су аламыз. Өміріміздің барлығына қажетті заттар табиғатта бар. Адам өмір сүру үшін осылардың бәрі қажет. Осылайша адам табиғаттың тұтынушысы болып табылады. 

Адамдардың экожүйеге қатысты ұғымы екіге бөлінеді. Біріншісі біз еріктілік арқылы, табиғатты қорғау мақсатына көптеген іс-шаралар жүргізудеміз, қоршаған ортаны қорғауға ұмтыла бастаудамыз. Ал екінші жағынан біз табиғаттың тозуын, тіршілікке қажетті ресурстар: таза ауаның, судың, құнарлы топырақтың, отынның азаюын көрудеміз. Оған себепкер болатын-тұтынушы, яғни біз- адамдармыз. Менің ойымша, табиғатты ластамауды әр адам өзіне міндеттелген жауапкершілік деп алуы қажет. Сонда ғана табиғат пен адамның байланысы ешқашан үзілмейтін, ерекше бола алады. 



Бөлісу: