Адам және өмір
блог
Біреудің өмірі алып, түбі терең мұхит. Сол мұхитта небір қызықтар болады. Сүйкімді де кішкентай, немесе алып әрі қорқынышты, үрейлендіретін – әртүрлі балықтар,медузалар,жұлдызшалар, желпіп тұрған балдырлар. Сүйкімді балықтар жолаушыны демеп, қиын жағдайда қолдау көрсетсе, алып балықтар зәреңді қашырып, үрейіңді алады. Ең бастысы, алып балықтарға кезігіп, ұзын балдырларға оранып, жолыңнан қалып қалмау.
Ендігі бір өмір, құрлықтағы өмір – орман.Күндіз орман табиғаты таңқаларлық сұлу, көркем.Ағаш бұталары арқылы төгілген Күн нұры жаныңа жылу беріп,қуаныш сыйлап, көңіліңді көтереді. Шырша астындағы жүгіріп жүрген тиынды көрсең сүйсініп, құстардың әсем әнін естісең жүрегің тербеледі. Ал, тас қаранғы түн батқанда жаңа ғана тамсанған орманнан үрейлене бастайсың. Әрине, орман сол баяғы орман болып қала береді. Алайда, бағанағы жануарлардың жыбыры, жапырақтардың сыбдыры зәре құтыңды қашырады. Осы орманда түнде кімнен қашып жүргеніңді өзің түсінбей, қасқырға барып, жолықпасан игі. Қорқыныш, уайыммен анда бір қашып, мында бір қашып түнді әйтеуір өткізесің. Таң атқанда алдындағы жайнаған орманды тағы көресің. Орман ағашсыз болмайтыны бәрімізге аян. Егер осы «өмір» атты орманда ең биік ағашқа өрмелеп шықсаң, сен орманның түбі-қиырын көріп, орманда не болыпжатқаннан әрдайым хабардар боласын, және еш бір қасқырдың тісі ағаштың басында саған жетпейді.
Айтылған осы өмірде неше түрлі адамдар кездеседі. Бір ададардар астрономия ғылымындағы аспан денелері секілді.Жерден қарап тұрсақ, сондай кішкентай нүкте болып көрінеді. Ондай жарқырап тұрған нүктелер аспанда санжетпес. Алайда олар тек түнде жарқырап, жанып тұрады, ал күндіз олар бар бірақ, байқалмайды. Сол кішкентай нүктелерге жақыннан қарасақ, олардың нүкте емес, алып бір жұлдыз, үлкен планета екенін түсінесің.
Тағы біреулері жерде мекендейтін өрмекші іспеттес. Бір қарағаннан өрмекші кішкентай, оны езіп өлтіруге қиын емес. Ол өрмекші кішкентай болғанымен, өте қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, өрмекшінің уы тірі ағзаға өте үлкен зиянын тигізеді. Өрмекшілер қу әрі ақылды, жәндіктердің арасында тек олар математикалық сараптау жүргізе алады. Олар өз қарсыластарымен күресіп жатқанда қулыққа барып, өлген кейіп танытып, қарсыласы жақындағанда шағып, уымен өлтіріп, жеңеді.
Иә, өмір көп қырлы, өмірдегі жағдайлар да әр түрлі.Сондықтан осы өмірді сүріп жатқан адамдар да сан алуан...