Адам "Жаңа толқын 2013" ке жолдама алды
блог
келді. ADAM – Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы
орындаушы.
Продюсерлердің ADAM-ды жарыққа шығарудағы басты мақсаты –Қазақстан
шоу-бизнесіне бұрын соңды болмаған, өзгеше үлгідегі жаңалық әкелу.
Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар
драмматургия мен жан тебірентер, өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне
жеткізу.
«Сіздің санаңызға
шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен
сусындатамын. Мен сол үшін келдім» -дейді ADAM.
- Қазақстанда «классикалық ритм-н-блюз» жанры бұрын болмаған ба?
- Бұл жанр Қазақстанда енді
дамып келе жатыр. Ритм-н-блюз жанрында ән салатын әншілер санаулы ғана. Солардың
бірі боламын. Мақсатым - халықаралық деңгейде қазақ тілінде ән салып, елдің
атын шығару.
- Осы жанрмен сіз қазақ эстрадасынан қандай
орын аламын деп ойлайсыз.
- Әр жанрдың өз тыңдарманы
болады. Қандай жанр болмасын, сен халыққа
әнді қалай жеткізгеніңе байланысты. Әннің мағынасына, тақырыбына
байланысты. Алғашқы «Жол» әнімнің авторы EL GATO – әлемге дарынды
гитарист, музыкалық продюсер, композитор ретінде танылған. Бұған дейін Николай
Носков, Джон БонДжови, Дмитрий Четвергов сынды әншілермен жұмыс істеген.
Әнге сөзді арнайы Перизат Жұмажан жазды. Әннің мағынасы – адамдардың арманына жетуі, өмірден
өз жолдарын адаспай табуы жайлы.
Ән танымал «Unicorn Studio» атты жерде музыкалық продюсерім Элхан Ахметовтың ұйымдастыруымен
жазылды.
-Бұл жанрдағы
әндерді қазақы коғам қалай қабыл алады деп ойлайсыз. Және қандай аудиторияға арналады? ( аудиториясы барлығына
ортақ па, әлде жасы үлкендер тыңдай ала ма?).
- «Жол»-ды халық
жақсы қабылдады. Тек жақсы пікірлер айтылуда. Репертуарымда көптеген мағынасы
терең, сапалы әндерім бар. Болашақта
жарыққа шығады.
-Айталық,
«Музарттың» орнын ешкім баса алмайтын сияқты. Оны жастар мен қариялар да сүйсіне
тыңдайды. Сізде солай сияқты өз жанрыңызда алғашқы орындаушы ретінде жұртшылықтың
есінен көп уақытқа орын табарыңызға сенесіз бе?
-Оны уақыт көрсетеді.
Ондай деңгейге жету үшін көп еңбектену
керек. Менің өнердегі жолым енді басталып келе жатқандықтан, нақты ештеңе айта
алмаймын.
-Енді,
продюсеріңізге келсек, танымал боламын дегендерге таптырмастай, «жұлдыз»
жасаудың шеберлерінің қолына түсіпсіз. Қалайша?
- Динара Адамнан продюсерлікке ұсыныс түскен кезде, қатты
қуандым.
Өнерге жолымды ашқан жан десем қателеспеймін. Динараның басшылығымен менімен үлкен ұжым жұмыс
атқаруда. Музыкалық продюсерім танымал
музыкант - Эл Ахмедов. Менің сырт-бейнем, стилімді қалыптастырушы танымал
стилист – Жәмиля Орчид. Өз мамандығының шеберлерімен жұмыс атқару - үлкен тәжірибелік
мектеп екен.Міне, бірлескен жұмыстың нәтижесін
көріп жатырсыздар.
-Ең алғашқы
тұсаукесеріңіз EMA Muzzone 2012 марапаттау кешінде өткенін білеміз. Қандай әсер
болды?
- Кештің шымылдығын ашу маған
бұйырғанына қуаныштымын. Сахнаға шығар
алдында аздап қобалжығаным бар. Бірақ, маған қарап, мені күтіп тұрған халықты көрген
кезде бойыма күш пайда болып, әнді айта бастадым. Міне, көпшіліктің алдындағы
жауапкершілік осындай болады екен.
-Алғашқы
бейнебаяныңызды тыңдармандарыңыз қашан көреді?
Бүгінге дейін
«Жол» әніне бейнебаян түсірілді. Көктемнің аяғында халыққа жол тартады
деген ниеттеміз. Режиссері танымал
клипмейкер Максим Задарновский. Бейнебаян әннің мағынасына сай, үлкен еңбектің
арқасында дүниеге келді.
-Сұхбатыңызға рахмет! Өнердің биік шыңдарын бағындыра беріңіз!
Сұхбаттасқан
Шаттық Ашықбаева.