Адам денесіндегі таңғажайыптар

 • Ересек адамның денесі октиллион атомнан тұрады.

• Денеміздегі қан тамырлардың қосындысы 96 мың км құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналуға жетеді.
• Адамның миы минутына 1000 сөз оқи алады.
• Адамның миы компьютер болғанында секундына 38 катриллион операция жасай алар еді. Күніміздегі ең озық компьютер мұның 1 пайызын да орындай алмайды.
• Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсу үшін жарты жыл уақыт өтеді.
• Адам өмір бойы орталама 18 кг тері төгеді.
• Алынған оттегі мен калорияның 20 пайызын адамның миы тұтынады.
• Әрбір бүйректегі миллиондаған фильтр әр минутта 1,3 литр қан тазалайды.
• Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін.)
• Әр адамның денесінде жарты миллион тер безі болады және бұлар күніне жарты литр тер бөліп шығарады.
• Адамның бойы таңертеңгісін оянғанда түнде жатар кездегімен салыстырған шамамен 1 см ұзын болады. Мұның себебі омыртқа арасының түнде босаңсып түрегеп жүргенде жиырылуында.
• Адамның ДНК-сының жартысы бананның ДНК-сына ұқсас келеді.
• Адам денесі әр секундта 25 миллион жаңа жасуша өндіреді.
• Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.
• Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.
• Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі.
• Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
• Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.
• Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.



Бөлісу: